E. Біртанов Ақтөбе облысының медицина қоғамымен еліміздің денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту басты бағыттарын талқылады

Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрі Елжан Біртанов Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында облысымыздың медицина нысандарын аралап, Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің жаңа бастамалары туралы, мүмкіндігінше тезірек ақпараттық жүйелерді енгізу туралы, жеке медицинаның дамуы және дәрі - дәрмек нарығын реттеу туралы әріптестеріне айтып берді. 2017 жылдың 1 шілдесінде елімізде басталатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің артықшылықтары мен болашағы туралы түсіндірді.
Министр сапарының бірінші нысаны мемлекеттік – жеке меншік әріптестік стратегиясының дамуы аясында халыққа қызмет көрсететін, көпсалалы заманауи Ақтөбе облысының медициналық оңалту орталығы «Дару» емханасы болды. Емханада жіті ми қан айналым жүйелерінің бұзылуы (инсульт), инфаркт миокардасы, жұлынның жарақаты, буындар мен омыртқа бұзылуы сияқты ауыр аурулардан зардап шеккен науқастарға қалыпты өмірге қайта оралуға көмектеседі.
Науқастардың денсаулық жағдайымен танысып, Елжан Біртанов тұрғындардың денсаулық жағдайын жақсарту үшін денсаулық сақтау жүйесі қаржы жағынан қолжетімді, көрсетіліп жатқан медицина қызметі тиімді және сапасы жоғары болу керектігін айтты.
Одан әрі Елжан Біртанов стационарлық көмек көрсететін Ақтөбе облыстық аурухананың жұмысымен және жыл сайын түрлі салалардағы
500-ге жуық жас мамандар даярлайтын М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университетімен танысты.
«Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі ана мен бала денсаулығын қорғау болып табылады. Соңғы он жыл ішінде, өмір сүру ұзақтығы 72,4 жылға артты, бала мен ана өлімі 3 есеге азайды, әлеуметтік маңыздылығы бар аурулардың өлім саны айтарлықтай төмендеген.
Облыста тиімді перинаталдық технологиялар, бала кездегі ауруларды кешенді басқару, акушерлік және неонаталдық көмекті аймақтандыру бойынша Дүниежүзілік Денсаулық Ұйымының бағдарламалары енгізілді. Медициналық нысандарды аралау барысында Облыстық Денсаулық Сақтау Басқармасының басшысы Әсет Қалиев 2016 жылы «халықаралық стандарттарға сай келетін, Экстрокорпоралдық Ұрықтандыру орталығы ашылғандығы туралы хабарлады.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, облыс тұрғындарына 10 мыңнан аса дәрігерлер және 7 мыңнан аса орта білімді медицина қызметкерлері жұмыс жасайтын денсаулық сақтау жүйесінің
505 медицина мекемелері қызмет етуде.
Кең аумақтық Ақтөбе облысында көлік медицинасын дамытуға үлкен көңіл бөлінуде. Себебі тұрғындардың тең жартысы ауылдық жерлерде тұрады. Шалғай ауылдарда тұратын тұрғындарға медициналық көмектің қол жетімділігі үшін, «Санавиация», заманауи диагностикалық құрал-жабдықтармен жабдықталған 3 жылжымалы медициналық мен екі стоматологиялық кешендер жұмыс істейді. Өткен жылы, тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі бойынша 60 мыңнан астам ауыл тұрғындары толық тексеруден өтті.
Облыстық медицина қоғамдастығымен кездесу барысында
Елжан Біртанов Мемлекет басшысының жолдауында айтылғандай, елімізде денсаулық сақтау саласында технологиялық жаңартуды жеделдету, әсіресе сандық технологияны жаңарту қажеттілігін атап өтті.
«Медицина саласындағы әлемдік үрдістерді ескере отырып денсаулық сақтау басқармасын ақпараттандыру, денсаулық сақтау жүйесінің жаңартылуы арқылы жүзеге асырылатын болады. Денсаулық сақтау жүйесінің жаңаруының басты мақсаты адамға өмір бойы медициналық көмек көрсетумен қамтамасыз ету, Қазақстанда бірінші кезеңі болып саналады. Осы мақсатқа жету үшін, адамға туғаннан бастап көрсетілген барлық медициналық қызметтерді көрсететін электрондық денсаулық төлқұжаты болады. 2020 жылға қарай Қазақстан Республикасы халқының 100% электрондық денсаулық төлқұжатымен қамту жүзеге асырылатын болады», - деді министр.
Сонымен қатар министр әр түрлі саладағы медицина ұйымдарында клиникалық және клиникалық емес процестерді автоматтандыруға арналған, медициналық ақпараттық жүйелерді енгізуді (бұдан әрі МАЖ) іске асыру қажеттігін еске салды. Бүгінгі күні МАЖ денсаулық сақтау ұйымдарының 30% -ын қамтиды. 2017 жылдың аяғына дейін 50% -ға дейін қамтуды арттыру жоспарланып отыр.
Кездесу барысында, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» төрағасы Елена Бахмутова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу үшін жергілікті билікпен, жұмыспен қамту агенттіктерінің аймақтық кеңселерімен, салық қызметтерімен тығыз жұмыс істеуге жоспарлап отырғанын хабарлады.
«Тек бірлескен күш - жігер арқылы біз Қазақстан халқын медициналық сақтандырумен толық қамтамасыз етуге қабілетті бола аламыз. Тұрғындарға сақтандыру арқылы ем алу, өз қаражатыңа ем алуға қарағанда әлдеқайда арзан және неғұрлым қолайлы емдеу екенін жеткізу маңызды. Мысалы, белсенді емес халық үшін МӘМС жүйесінде жарнаның құны айына
1 414 теңгені құрайды, ал бір ғана дәрігердің қызметі - жуық шамамен
4,5 - 5 мың теңгені құрайтынын» - Ақтөбе облысының медицина қоғамдастығымен кездесу барысында атап өтті.
Сонымен қатар, Е.Бахмутова қоғамға 2020 жылға дейін елімізде өтпелі кезең болатыны жайлы хабарлаудың маңыздылығы жайлы, кезең кезінде ТМККК шеңберінде тұрғындарға медициналық сақтандырудың толық пакетінің қол жетімділігі туралы айтты.
«Тұрғындар мемлекеттік өтпелі кезеңі бар екенін білу қажет, және ешкім қажетті жедел медициналық қамқорлығынсыз қалмайды. Алайда, бұл кезең 2020 жылы аяқталады, деп хабарлайды. Бүгінгі таңда, мемлекет тарапынан, жұмыс берушінің тарапынан өзі төлейтін сақтандыруды алудың механизімі туралы түсініп алған жөн», - дейді.
Бұрын хабарланғандай Қазақстанда «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жүйесінің мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына сәйкес медициналық сақтандыруды бағалау, төмендегідей жарналар және аударымдар ұсынылуда:
- жұмыс берушілердің жарналары: 2017 жылдың шілдесінен бастап мөлшерлеме 1 %; 2018 жылы - 1,5%, 2020 жылы - 2%, 2022 жылы - 3%;
- жеке кәсіпкерлер, нотариустар, азаматтық-құқықтық негіздегі келісім бойынша кіріс табатын жеке тұлғалар – кірістен, 2017 жылғы шілдеден бастап 2 ЕТЖ-дан 5% кем емес;
- жұмыс күші тобына кірмейтін (өзін өзі өнімсіз еңбекпен қамтығандар) азаматтар жарнасы -2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 ЕТЖ-дан 5%;
- халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобы үшін мемлекет төлейтін жарна 2018 жылдың қаңтарынан - 3,75%, 2019 жылдан бастап - 4%, 2022 жылдан бастап – 4-5 % болады.
Кездесу соңында Е. Біртанов қатысушылардың сұрақтарына толыққанды жауап берді.