Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау рәсімін өткізу туралыхабарлама

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетужөніндегі қызметтер берушіні таңдау рәсімін өткізу туралыхабарлама
«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ (пошталық мекен жайы: Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы 40, электрондық мекен-жайы: аktobezdrav@mail.ru 2017 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушілерді (бұдан әрі – ТМККК көрсету бойынша қызметтер) таңдау рәсімін (бұдан әрі – рәсім) өткізу туралы хабарлайды:
Медициналық көмектің түрлері бойынша:
- мамандандырылған медициналық көмек
Медициналық көмектің үлгілері:
- стационарлық көмек
ТМККК көрсету жөніндегі қызметтер Ақтөбе облысы аумағында көрсетілуі тиіс.
Рәсімге қатысуға өтінімдер және нысандары densaulyk.aktobe.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан қоса берілген құжаттардың тізбесін әлеуетті қызметтер берушілер «Облыстық денсаулық сақтау басқармасы» ММ-не Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы 40, мекенжайы бойынша, № 611 кабинетке ұсынады.
Рәсімге қатысуға өтінімдерді және оларға қоса берілетін құжаттардытапсырудың соңғы мерзімі 2017 жылдың 24 наурызы, жергілікті уақыт 12.00-ге дейін.
Рәсімге қатысуға өтінімдер 2017 жылы 24 наурыз күні, жергілікті уақыт сағат 15.00-де мына мекенжай бойынша: Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы 40, № 630 кабинетте қаралатын болады.
Қосымша ақпаратты және анықтаманы мынадай телефон арқылы алуға болады: 8 (7132) 54-34-45.
mm: 
Март