Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасыХалықаралық медициналық қызметкерлер күніне орай Жыл сайынғы Ақтөбе облысы Әкімінің Аққағаз Досжанова атындағы «Жылдың үздік дәрігері» конкурсын жариялайды

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы
Халықаралық медициналық қызметкерлер күніне орай
Жыл сайынғы Ақтөбе облысы Әкімінің Аққағаз Досжанова атындағы «Жылдың үздік дәрігері» конкурсын жариялайды
І.Конкурс өткізу орны мен күні: облыстық денсаулық сақтау басқармасы,
ІІ. Жалпы Ережелері, конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1. Сыйлыққа дәрігерлерге әр номинация бойынша үміткерлерді бағалаудың тиісті наминациясы бойынша кретерийлері негізінде табысталады.
2. Сыйлық келесі номинациялар бойынша табысталады:
«Медициналық ұйымның үздік басшысы» - медициналық ұйымның бас дәрігерлеріне, басшылары мен директорларына;
«Үздік ауыл дәрігері» - ауылдық медициналық ұйымда жұмыс жасайтын дәрігерлерге;
«Жастық. Жаңашылдық. Талант» - денсаулық сақтау саласында өзін талантты, жаңашыл, жауапкершілікті дәрігер ретінде танытқан 10 жылға дейінгі еңбек өтілі бар, аз жыл жұмыс жасағанына қарамастан науқастардың сенімі мен әріптестерінің сыйластастығына ие кез-келген сала дәрігеріне;
«Дәрігерлер әулеті» - номинация лауреты болып медицинадағы еңбек өтілдерінің жалпы жыл саны, әулеттегі дәрігерлер саны көрсетілген дәрігерлер әулеті өкілдері ғана атана алады;
«Кәсібіне адалдық» – Медициналық ұйымдардағы 50 жылдан кем емес жұмыс жасап, денсаулық сақтау саласының дамуына зор үлесін қосқан кез-келген сала дәрігерлеріне;
«Адам өмірін сақтап қалған ерекше ота жасағаны үшін» – адам өмірін сақтап қалған ерекше ота жасаған дәрігер-хирургтер, дәрігер-хирург топтары, анестезиолог-реаниматологтарға.
«Үздік орта буын медицина қызметкері» – денсаулық сақтауды дамытуға қосқан зор үлесі үшін фельдшерлер, мейірбике және медағалар.
ІІІ. Сыйлық беру шарты
1. Сыйлықақы алуға үміткерлікке жұмыс өтілі 10 жылдан кем емес дәрігерлер қатыса алады. Сонымен қатар, оны сыйлықақыға үміткерлікке ұсынатын медициналық ұйымда аталған дәрігердің жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.
2. Сыйлықақыға үміткерлікке дәрігерді ұсыну медициналық ұйым ұжымымен жүзеге асырылады. Әр үміткер ЕПМ-сінің ұжымының жалпы жиналысында қаралады. Жеңімпаз туралы шешім ЕПМ-нің ұжымының дауыс беруі арқылы қабылданып, ЕПМ-сінің ұжымының жалпы жиналысында хаттама арқылы рәсімделеді.
3. Сыйлықақы тағайындауға үміткерлер тізімінің қолдау хаты Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасына жазбаша түрде жолданады.
4. Қолдау хатқа қосымша жалғануы тиіс құжаттар:
-еңбек кітапшасының көшірмесі және фотография (3x4 см);
-жоғары медициналық білім туралы диспломның көшірмесі;
-еңбек өтілі туралы ақпарат қосылған үміткердің мінездемесі;
-статистикалық көрсеткіштер көрсетілген, кәсіби қызметінің нәтижесі туралы 3 жылдағы жұмысы есебі туралы мәлімет (аттестациялық комиссияға ұсынылатын есеп талап етілген үлгі бойынша құрылады, оны үміткерді ұсынған медициналық ұйым басшысы куәландырады).
-үміткердің өзі немесе оның қатысуымен енгізілген жаңа, диагностикалық, емдеу және профилактикалық шараның ерекше бірігей әдісі, әдістемелік кеңестері туралы мәлімет (қандау екені көрсетілуі тиіс);
-кәсіби қызметінің келешегі;
-дәрігер туралы науқастар, бас мамандар, танымал ғалымдар мен мамандар, ғылыми ұйымдар, дәрігерлер ассоциациясының пікірлері, мінездемелері;
-сабақтас кәсіпті меңгеруі туралы мәлімет;
-медициналық басылымдарда жарық көрген тәжірбиелік және ғылыми жарияланымдары туралы мәліметтің көшірмелері;
-мамандану, біліктілігін арттыру туралы сертификаттар, куәліктер, дипломдардың көшірмелері;
-барлық ұсынылған құжаттар медициналық ұйым басшысының қолы мен мекеме мөрі арқылы куәландырылуы тиіс.
ІV. Сыйлық беру және табыстау тәртібі
1. Облыс Әкімінің Аққағаз Досжанова атындағы «Жылдың үздік дәрігері» сыйлықақысына Үміткерлер тізімімен қолдау хат «Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы» ММ-не персоналды басқару қызметі бөліміне 2017 жылдың 28 сәуірге дейін ұсынылуы тиіс.
2. «Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы» ММ-не келіп түскен облыс Әкімінің Аққағаз Досжанова атындағы «Жылдың үздік дәрігері» сыйлықақысына Үміткерлер тізімімен қолдау хаты лауреаттарды іріктейтін комиссия отырысында қолдау хаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап қаралады.
3. Комиссия ұсынылған құжаттарды әр номинация бойынша қарап, бағалау өлшемі негізінде жеңімпаздар туралы шешім қабылдайды.
4. Комиссия отырысы оның мүшелерінің 95% қатысқанда ғана заңды болып танылады.
5. Комиссия шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Басым дауыс жинаған үміткер жеңімпаз атаныд. Егер комиссия мүшелерінің дауысы тең түскен жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
6. Қабылданған шешім хаттамамен рәсімделіп, Ақтөбе облысы Әкімінен жіберіледі. Хаттамаға комиссия төрағасы мен комиссия хатшысының қолы қойылады.
7. Сыйлықақыны тағайындау бойынша қорытынды Ақтөбе облысы Әкімімен комиссия шешімі негізінде бекітіледі.
8. Сыйлықақы жеңімпазы дипломына Ақтөбе облысы Әкімі қолы мен мөрі қойылады.
9. Жеңімпаздар Ақтөбе облысы Әкімінің дипломы және ақшалай сыйлықақымен марапатталады.
Сыйлықақыны табыстау рәсімі кәсіби мереке - Халықаралық медициналық қызметкерлер күніне орайлас өтеді.
V.Құжаттар төмендегідей адрес бойынша қабылданады: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40. №614 бөлме. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының Персоналды басқару қызметі бөлімі. (бөлім басшысы Есенбаева Гульбаршын Аманкосовна)
Телефоны: 56-49-92.