Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы- Ә. Калиевтің қатысуымен ШЖҚ «№2 Қалалық емханасының» ШЖҚ бас дәрігері Қ.Н. Тухтаровтың 2016ж. атқарылған жұмыстары жөнінде есебі.

Баяндамашы: №2 ҚЕ-ның бас дәрігері-Қ.Н. Тухтаров: Құрметті Әсет Әскерұлы және мекеме медицина қызметкерлері. №2 ҚЕ-сы негізінен қаланың көне бөлігін және қалаға жақын орналасқан Заречный-1, Заречный-2, Заречный-3 және бау-бақша коллективтерінде мекендеген тұрғындарға қызмет көрсетеді. 2015ж. 64575 тұрғынғы қызмет көрсетілсе, 2016 жылы - 68552 тұрғын болып, тұрғындар саны 3977-6,1%-ға артты . Жалпы тұрғындар ішінде: 19604-28,6% балалар, 15жас-49жас- аралығында-33884-49,4 %, 50жас және одан жоғары-15064-21,9 % құрайды. Медико-демографиялық көрсеткіші: туу көрсеткіші-24,0(2015ж-28,9), өлім көрсеткіші-5,4(2015ж-5,8), табиғи өсім көрсеткіші-18,6(2015ж-23,1),ересектер арасындағы өлім көрсеткіші-7,6(2015ж-8,0), бала өлім көрсеткіші-0,9(2015ж-1,2), ана өлімі-0(2015ж-1,1) құрап өткен жылмен салыстырғанда туу көрсеткішінің төмендеуіне байланысты табиғи өсім көрсеткіші төмендесі, жалпы өлім көрсеткіші мен бала және сәби өлім көрсеткіштерінің төмендегенін көруге болады. Кадрларға сипаттама: жалпы мекемеде 315 медицина қызметкерлері жұмыс жасайды, оның-107 дәрігер болса, мед. бикелер-315. Категорияға иелену көрсеткіші-50-47,6% (2015ж-51-47,6 %) , мед. бикелер-73-35,0%(2015ж-81-39,5%) құрап, өткен жылмен салыс-тырғанда төмендеушілік бар. Кадр тапшылығы жоқ. Жалпы 2016ж. білімін жетілдіру курстарына-4925,7 мың теңге (2015ж-4802,0) жіберіліп, Ақтөбе қаласына-28, Алматы, Астана қалаларына-4 медицина қызметкерлері оқуға жіберілді. Пациенттерді үйде және емханада қаралуы. Жалпы емханаға қаралу-186174(2015ж-114550) болып-71624-62,5% артса, үйде қаралу-27644(2015ж-24249) болып-3395-14,0 % артты. ПМСП дәрігерлеріне-62,3% қаралу болса, маман дәрігерлерге-37,6% құрады. Емхан мен үйде қаралудың арту себептері: тұрғындар санының артуы, АиС «Емхана» бағдарламасы бойынша жұмыстардың жүруі, тұрғындардың өз денсаулығына алаңдау-шылықтардың туындауынан болып отыр. Аурушаңдық көрсеткіші: жалпы аурушаңдық-50270-73331,1(2015ж42140-65257,4) құраса, алғашқы аурушаңдық-24722-36063,1(2015ж-23259-36018,5) құрады. Ересектер арасындағы алғашқы аурушаңдық-45,1% құрап, І орында-тыныс алу жүйесі-29,7%(2015ж-58,7%), ІІ орында-жүрек қан-тамырлар аурулар жүйесі-10,2%(2015ж-9,9%) құрап, оның ішінде АГ-61,8%, ЖИА-17,4%, МИ-1,8%,ЦВА-2,9%) құрады.ІІІ орында көз және оның қалтқы-лары аурулары-8,7% құрады. Жасөспірімдер-4,4%, балалар-50,4% құрады.
Туберкулез ауруы бойынша атқарылған жұмыстар: Туберкулез ауруы бойынша Республикалық көрсеткіш-52,8, облыстық-58,5,қалалық-67,5 болса, №2ҚЕ-сы бойынша көрсеткіш-72,1 болып, аурушаңдық көрсеткіш облыстық көрсеткіштен артып кетті. Аурушаңдықтың арту себебтері: аудандардан және басқа да мекен жайдан келген науқастардың ауырып келіп туыстарының үйіне қоныстанып, тұрақтауы біздің туберкулез ауруы бойынша көрсеткішімізге кері әсерін тигізуде. ҚР ҰЭМ-нің 12.03.2015ж. №194 «Инфекциялық ауруларды ескерту бойынша санитарлық-эпидемиялық шараларды ұйымдастыру және өткізу және мекеменің санитарлық-эпидемиялық талап-тары» туралы бұйрықтың 13 тарауының,168 тармағында «туберкулез» ауруының есепке алынуы, анықталған орынға байланысты қағидасына сүйеніп АОТД-і туберкулез ауруын есепке алу себебінен бізде көрсеткіш артуда. Жасөспірімдер арасында туберкулез ауруы-мен-6 жағдай анықталып аурушаңдық-286,7 құрады. Жасөспірім арасында туберкулез ауруының арту себебі 3 жасөспірім (Алматы, Шалқар, Хромтау) қалаларынан оқуға түсу мақсатында келіп, алгоритм бойынша ем алып келген. Кейіннен біздің мекен жайға тұрақтаған соң біздің көрсеткішімізді нашарлатты. Бөлімшелер бойынша аурушаңдық көрсеткіш «Заречный-3» ДА-98,0, «Заречный-1» ДА-112,9, №1 филиал-81,8 құрап, емхана көрсеткішінен артып кетті. Туберкулез ауруы себебінен қайтыс болу көрсеткіші бойынша Республикалық-3,8, Облыс-тық-3,6, Қалалық-4,0 болса, №2 ҚЕ-сы бойынша-7,4(2015ж-6,3) болып, көрсеткішіміз облыстық көрсеткіштен артып кетті. Қайтыс болу себептері:Өз денсаулығына немқұрайлы қарау (ішімдік ішу, шылым шегу), қосалқы аурулар себебінен туберкулез ауруының рецедив беруі, тұрмыстық әлеуметтік жағдайының төмендеу жағдайларынан болуда. МТ-ға қақырық анализі-977(2015ж.-1180), эффективтілік-3,4%(2015ж-3,6%). Қатерлі ісік ауруы атқарылған жұмыстар: Қатерлі ісік ауруы бойынша аурушаңдық көрсеткіші: Республикалық-208,1, Облыстық-172,5, Қалалық-198,4, ал №2ҚЕ-сы бойынша көрсеткіш-120-175,0 (2015ж-2013,0) болып, өткен жылға қарағанда жақсару барлығы анықталды. Бөлімшелер бойынша:№3 бөлімше, №1 филиал, «Заречный-3» ДА-ның көрсеткіштері емхана көрсеткішінен артып кетті.Қатерлі ісік ауруының саты бойынша анықталу жіктелісі: №2 ҚЕ бойынша І-ІІ сатыда анықталу-61,1%(2015ж-57,2%) құрап, облыстық және Республикалық көрсеткіштен де жақсы нәтиже құрады. Облыстық көрсеткіш-60,8 %(2015ж-59,3 %), Республикалық көрсеткіш-66,0% (2015ж-64,5 %); №2 ҚЕ бойынша ІҮ сатыда анықталу-7,5 %(2015ж-10,1 % ) құрап, облыстық көрсеткіштен төмен, Республикалық көрсеткіштен жоғары деңгей көрсетті. Облыстық көрсеткіш-9,5%(2015ж-10,1 %) болса, Республикалық көрсеткіш-7,0%(2015ж-7,2%); Қатерлі ісік ауруы бойынша асқыну сатысында-13 науқас тіркелсе, оның-5-38,4% көзге көрінетін жерде орналаласқан қатерлі ісік ауруын құрады. Қатерлі ісік ауруынан қайтыс болу көрсеткіші: №2 ҚЕ-сы бойынша көрсеткіші-70-102,1 құрап, Республикалық-86,1, Облыстық-74,0 және қалалық-85,0 көрсеткіштерінен артып кетті. Қатерлі ісік ауруымен науқастардың 5 жыл және одан да жоғары өмір сүру деңгейі-36,7%(2015ж-36,6%) құрап, Республикалық-47,0%, Облыстық-44,6%, қалалық-37,3% құраған көрсеткіштерден төмен деңгей көрсетуде. Бөлімшелер бойынша «Заречный-1» ДА-24,5, филиал №1-25,4 болып, емхана көрсеткіштерінен төмен деңгей көрсетуде. Қайтыс болу көрсеткіші жалпы-356-7,6(2015ж-356-8,0) құрады. Ересектер арасындағы өлім көрсеткіші бойынша: І орында жүрек қан-тамыр аурулары-116-32,5%, ІІ орында- нерв ауралары-70-19,6%, ІІІ орында қатерлі ісік аурулары-69-19,3 % үлесінде болды. Акушерлік-гинекология бойынша атқарылған жұмыстар: жалпы әйелдер саны-25614, оның ішінде фертильді жастағы әйелдер саны-17867-69,7%. Фертильді жаста «Д» есепте тұрған әйелдер саны-1301-7,2% (2015ж-1527-9,5%) құрады. Жалпы фертильді жастағы әйелдердің контрацепциямен қамтылғаны-48,1%(2015ж-50,4%). Жүктілік бойынша есепке алынған әйелдер саны-1446(2015ж-1723), оның ішінде 12 аптаға дейін есепке алынғаны-82,2% (2015ж-82,0%). АПП бойынша есепте тұрған әйелдер саны-219(2015ж-226), оның ішінде контрацепциямен қамтылғаны-169-77,1%(2015ж-173-76,0%). АПП бойынша есепте тұрған әйелдердің жүктілік бойынша есепке алынғаны-15-6,8%(2015ж-26-11,5%). АПП есебіндегі жүкті әйелдердің босанғаны-8-53,3%(2015ж-18-69,2%). АПП бойынша есепте қалған жүкті әйелдер-6(2015ж-2). Ана өлімі-0(2015ж-1-1,1). Балалар денсаулығын сауықтыру бойынша атқарылған жұмыстар:жалпы балалар саны-19604(2015ж-18442). Биыл дүниеге келген бала саны-1651-24,0(2015ж-1869-28,9). Жалпы қайтыс болған бала саны-18(2015ж-24), оның ішінде үйде қайтыс болғаны-0(2015ж-2). Сәби өлімі-15-9,1(2015ж-20-10,7).Онкология ауруы бойынша есепке алынғаны-1(2015ж-0), есепте тұрғаны-2(2015ж-4). Туберкулез ауруы бойынша есепке алынған балалар-0 (2015ж-1). Екпе алмаған балалар саны-292(2015ж-222). Екпеден бас тартқандар саны-292 (2015ж-235).Туғаннан екпені алмағаны(стерильные)-176-60,2%(2015ж-125-53,1%). Дін жолындағы ата-аналардың балалары-227-77,7 %. Өздіктерінен екпені салдырмаушы ата-аналарының балалары-65-22,2 %. Екпені алмайтын ата-аналардың пәтер жалдайтыны-113-38,6 %, оның ішінде бау-бақша елді мекендерінде тұратыны-67-59,2 %. 2016ж екпеден бас тартқандар ішінде екпе салынғаны-8, оның ішінде дін жолындағы ата-аналардың балалары-2, өздіктерінен бас тартқан ата-аналардың балалары-6.2017 ж ақпан айынан бастап балаларына екпеден бас тартқан ата-аналармен жүмыс жасайтын маман жұмысқа қабылданып, жұмыс жасауда. Тұрғындарға көрсетілген стационарлық және стационар орнын ауыстыратын көмек бойынша атқарылған жұмыстар. Жалпы госпитализацияланғаны-1969(2015ж-1688), оның ішінде жоспарлы түрде-1377-69,9%(2015ж-1285-76,1%), шұғыл түрде-592-30,0%(2015ж-403-23,8%). Өзіңіз көріп отырғаныңыздай жоспарлы түрде госпитализациялану саны басымдыққа ие болуда. Портал арқылы госпитализациялануда дефектілер саны-133-9,7% (2015ж-98-7,6%) артты. Деффектілер госпитализацияға күту уақытына шыдамай бас тарту жағдайлары мен жеке мекемелерде стационарлық ем алуы. Госпитализацияға ұзақ уақыт күту себебінен анализдерінде өзгерістің болуы, госпитализациялану уақыты мезетінде науқастың басқа да жағдайлармен науқастануы сынды себебтерден деффекті-лер саны артуда. Күндізгі стационарда емделген науқастар саны-955 (2015ж-1241). Үйде ұйымдастырылған стационар саны-469(2015ж-91). Скринингтік тексеру бойынша атқарылған жұмыстар: бекітілген жоспар бойынша 9 атаулы скринингтік тексеру 100% орындалды. Анықталған науқастар:БСК-6,1%(2015ж-7,8%), СД-0,34% (2015ж-0,62%), Глаукома-0,21%(2015ж-0,22%), РМЖ-30,1%(2015ж-17,3%), РШМ-1,32% (2015ж-0,83%), РПТК-0,07%(2015ж-0), РПЖ-4,0%(2015ж-1,4%), РП-0(2015ж-0). Скринингтік жұмыс нәтижесінде қатерлі ісік ауруының І-ІІ сатысында 4 науқас анықталып, барлығы да дерлік онколог дәрігерінің бақылауына алынып, тиісті операция жасалып, химио-сәулелік емдерін жоспарлы түрде қабылдауда. «Денсаулық» 2016ж-2019ж. бағдарламасының индикаторларының орындалуы: №2 ҚЕ-сы бойынша бірқатар индикаторларға қол жеткізе алмадық. Нәтижеге жете алмаған индикаторларымыз:орташа өмір сүру ұзақтығы-70,0(71,8), туберкулез ауруы себебінен туындаған өлім көрсеткіші-7,4(4,5), қатерлі ісік ауруы себебінен туындаған өлім көрсет-кіші-102,1(90,5), жүрек қан тамыр ауруы себебінен туындаған өлім көрсеткіші-247,9 (168,5), қатерлі ісік ауруы бойынша есепте тұрған науқастардың 5 жыл және одан да жоғары өмір сүру деңгейі-36,7(50,8) құрады. Жалпы 2016ж. атқарылған жұмыс қорытындысының көрсеткіші өздеріңізге мәлімдедім, тыңдағандарыңызға рахмет. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: Калиев Ә.:
Сіздің есебіңізді тыңдай отырып, бас дәрігердің блогы, мекемеге түскен шағымдар, мемлекеттік қызметтің көрсетілуі, жедел медициналық жәрдем бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәліметтер айтылған жоқ. Осы атқарылған жұмыстар бойынша не деп жауап бересіз ? №2 ҚЕ-ның бас дәрігерінің емдеу ісі жұмыстары бойынша орынбасары Тунгатарова М.А : 2016ж. бойынша №2 ҚЕ-ға түскен шағымдардың ішінде негізделгені болмады. Жедел жәрдем бойынша емханада 2 фельдшер ертеңгі 8:00-ден кешкі 18:00-ге дейін дәрігерлердің жұмыс уақытында түскен шақыртулар мен жедел жәрдем қызметкерлерінен берілген переадресацияларға қызмет көрсетеді. Бас дәрігердің әдістемелік ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі орынбасары: Нурбаев С.Қ Мемлекеттік қызмет бойынша тұрғындарға «egof» арқылы емханаға тіркеу, үйге шақырту жұмыстары бойынша көрсеткішіміз төмен, алдағы уақытта мемлекеттік қызмет түрлерін «egof» бойынша жұмыс жасауда белсенділік танытатындығымызға сенім білдіреміз.
Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: Калиев Ә.: Сіздің есебіңізде фертильді жастағы әйелдер ішінде жүктілікке қарсы көрсеткіші бар әйелдердің контрацепциямен қамтылуы- 169-77,1%. Неліктен 100% емес? Барьерлік әдіспен қанша жүктілікке қарсы көрсеткіші бар фертильді жастағы әйеліңіз сақтанады. Акушерлік-гинекология бөлімшесінің аға дәрігері-Койбагарова К. Х: АПП бойынша фертильді жастағы 50 әйел контрацепциямен қамтамасыз етілмеді. Барьерлік әдіспен сақтанатын-16 әйел бар. Контрацепциядан бас тарту себебі: психикалық ауытқушылығы бар әйелдердің туыстары жән тұрмысқа шықпаған жүктілікке қарсы көрсеткіші бар әйелдер контрацепциядан бас тартады, сонымен қатар түсіндірме жұмыстары жүргізілгенімен контрацепция жасатуға үзілді-кесілді қарсылық танытып отырғандар да бар, сол себептен де 100% контрацепциялауға қол жеткізе алмай отырмыз. Түсіндірме жұмыстарын жүргізе береміз, мүмкіншілігінше жақсы нәтижеге қол жеткіземіз. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: Калиев Ә.: Бас дәрігердің есебінде 1 жасқа дейін қайтыс болған бала саны-15-9,1 құрады. Осы балалардың қайтыс болу себебі тексерілді ме? Егер басым бөлікте ақаулар болса, УДЗ дәрігерінің біліктілігі қандай жағдайда-? №2 ҚЕ-ның балалар бөліміне жауапты, ВОП-1 бөлімшесінің меңгерушісі: Э.К. Джаканова: 1 жасқа дейінгі қайтыс болған балалар-15, оның ішінде туа пайда болған ақау себебінен-7, Жайылмалы ЦМВ және басқа инфекциялардан-5 жағдай тіркелді. УДЗ жүктіліктің І және ІІІ триместрінде бізде , дәрігері В. Кериченко жүкті әйелдерді түсірсе, жүктіліктің ІІ триместрінде барлық жүкті әйелдер эксперт-УДЗ дәрігерлері арқылы Облыстық перинатальды орталығында өткізіледі. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: Калиев Ә.: Қатерлі ісік ауруы бойынша өлім көрсеткіші, қатерлі ісік ауруы бойыша есепте тұрған науқастардың 5 жыл және одан да жоғары өмір сүру деңгейі-36,7(50,8) құрауы жұмыстың жеткіліксіз атқарылғандығын білдіреді. Емханада онколог дәрігері қандай қызмет атқарады-? Онколог дәрігері-Довлетбаев Н. О-Емханада қатерлі ісік ауруына күмәнді және қатерлі ісік ауруларымен ауыратын науқастарды қабылдаймын. Қатерлі ісік ауруы бойынша асқыну сатысында анықталған 13 науқас, оның 5-еуі көзге көрінетін жерде орналасқан қатерлі ісіктер болып табылады. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: Калиев Ә.: Сіздің емханада атқаратын міндетіңіз тұрғындармен кездесіп, қатерлі ісік ауруының алдын-алу мақсатында санитарлық-ағарту жұмыстарын жасау. Сізден бұндай атқарылған жұмыстар көріп отырғаным жоқ. Маған сұрақтарыңыз бар ма-? №2 ҚЕ-ның бас дәрігерінің емдеу ісі жұмыстары бойынша орынбасары: Тунгатарова М.А- Әсет Әскерұлы, біздің емханамыздың салынғанына биыл 80 жыл, емханамыздың ғимараты ескі, әрі осы жылдан бастап емхана учаскелік дәрігерлерін толықтай жалпы тәжірибедегі дәрігерлерге ауыстырдық, әр дәрігерде үш медбикеден, емхана кабинеттері тарлық етіп тұр. Осы жағдайға байланысты емханаға жаңа ғимарат салдырып беруге немесе басқа ғимарат беруге ықпалыңызды тигизсеңіз.
Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: Калиев Ә.:
Емхана ғимараты ескі екенін білемін, мүмкіншілігін қарастырамыз.
№1 ЖТД бөлімшесінің меңгерушісі Джаканова А.К. Біз қазір МиС бағдарламасын енгізудеміз, қазіргі уақытта компютерлер жеткіліксіз. Егер мүмкіншілік болса компютер жағынан қамтамасыз етілсе деген өтініш.
Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: Калиев Ә.: оргтехника жайында хаттарыңызды алдық, қарастырамыз.
Бас дәрігердің әдістемелік ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі орынбасары: Нурбаев С.Қ. Біздің тұрғындар медициналық тексеру кезінде флюрогафиядан көпшілігі жеке медициналық мекемелерден өтеді. Басқа медициналық мекемелерден флюрографиялық тексеруден өткен тұрғындарды іріктеп алу үшін емхана медбикелері ай сайын сол мекемелерге барады. Жеке медициналық мекемелерге кіруде, соның ішінде «Феникс» клиникасымен проблемалар туындайды. Осы мәселені шешіп беруге ықпал жасасаңыз.
Жауап: Жеке медициналық мекемелердің флюрографиялық кабинеттеріне өзінің тұрғындарын флюрографиядан өткендігін іріктеуге мемлекеттік медицина қызметкерлерін кіргізбеу жағдайын анықтайтын боламыз, мен өзімнің көмекшілеріме тапсырманы беріп, бұл сұрақ оң шешімін табады.
Сұрақтар болмаса жалпы жұмыстар жоқ емес бар, жақсы көрсеткіштеріңіз де бас дәрігердің есебінде көрсетілген, бірақ әлде де жетілдіру қажет. Бүгінгі бас дәрігердің есебін қанағаттанарлық деп есептеймін.
Жоғарыда келтірілген кеңес отырысының қорытындысы негізінде шешімі: 1. Бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары мен бас дәрігердің ішкі аудит және пациенттерді қалдау қызметі жөніндегі орынбасарына: -Онколог дәрігерінің функциональдық міндетін қайта қарау және қатерлі ісік ауруы көрсеткіштерін уч. дәрігерлермен бірлесе жақсарту бағыттары бойынша жоспар құрып, жұмыстар сапалы атқарылсын; -1 жасқа дейінге бала өлімін азайту мақсатына жүкті әйелдерді сапалы тексеру мақсатында УДЗ дәрігері білімін жетілдіру курстарына жіберілсін; -Фертильді жастағы әйелдердің денсаулығын нығайту мақсатында ҚР ДСМ-нің 03.07.2012 ж. №452 бұйрығының «Жүкті, босанатын, босанған әйелдерге және ұрпақты болу жасындағы әйелдерге медициналық көмекті жетілдіру шаралары туралы» бұйрығынын орындалуы қадағалансын; – Госпитализация кезінде дефектілер санының артуына байланысты стационар орнын алмастыратын күндізгі стационар керуеттері кеңейтілсін; -Азаматтардың жолданымы емхана сайты арқылы бас дәрігер блогына түсу үшін , емхана сайты жұмыстары қолға алынсын; 2.Бас дәрігердің әдістемелік-ұйымдастыру жөніндегі орынбасарына: - Тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері «egof» сайты арқылы бағытталсын; -Тұрғындардың мекемеге РПН арқылы тіркелу сапалылығы қадағалансын; 3.Бас дәрігерге: -Жоғарыда келтірілген кемшіліктердің орындалуына бақылау жасалсын.