Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау рәсімін өткізу туралыхабарлама

«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ (пошталық мекен жайы: Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы 40, электрондық мекен-жайы: аktobezdrav@mail.ru 2016 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушілерді (бұдан әрі – ТМККК көрсету бойынша қызметтер) таңдау рәсімін (бұдан әрі – рәсім) өткізу туралы хабарлайды:
Медициналық көмектің түрлері бойынша:
мамандандырылған медициналық көмек
білікті медициналық көмек
медициналық-әлеуметтік көмек
Медициналық көмектің үлгілері:
амбулаториялық-емханалық көмек
консультациялық -диагносткалық көмек
стационарлық көмек
стационарды алмастыратын көмек
ТМККК көрсету жөніндегі қызметтер Ақтөбе облысы аумағында көрсетілуі тиіс.
Рәсімге қатысуға өтінімдер және нысандары densaulyk.aktobe.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан қоса берілген құжаттардың тізбесін әлеуетті қызметтер берушілер «Облыстық денсаулық сақтау басқармасы» ММ-не Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы 40, мекенжайы бойынша, № 611 кабинетке ұсынады.
Рәсімге қатысуға өтінімдерді және оларға қоса берілетін құжаттардытапсырудың соңғы мерзімі 2016 жылдың 2 желтоқсан, жергілікті уақыт 12.00-ге дейін.
Рәсімге қатысуға өтінімдер 2016 жылы 2 желтоқсан күні, жергілікті уақыт сағат 15.00-де мына мекенжай бойынша: Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы 40, № 630 кабинетте қаралатын болады.
Қосымша ақпаратты және анықтаманы мынадай телефон арқылы алуға болады: 8 (7132) 54-34-45.
mm: 
Ноябрь