Ақтөбе қаласында Қарғалы қалалық ауруханасының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында флеш- моб ұйымдастырды.

Ақтөбе қаласында Қарғалы қалалық ауруханасының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында флеш- моб ұйымдастырды. Мерекені терезеден тамашалаған пациенттер ақ халатты абзал жандарға ризашылығын білдіріп, алғысын жаудырды. Күні-түні науқастардың жанынан табылатын ақ халатты абзал жандардың, арасында уақыт тауып Ел мерекесін думандатып, шаттандырғанына, бас дəрігер Алтынбек Жалғасбайұлы Жаңабаев басшылық етіп отырған ұжымның ынтымақтығына, ауызбіршілігіне қатты сүйсінді.