Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу

Қызметтің атауы
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн медициналық ұйымға тiркеу
Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар, сондай-ақ www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі.
Қызметтің тұтынушылары
Жеке тұлғалар
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы
электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Қызметтің көрсетілетін тәртібі
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы» 2014 жылғы 20 наурыздағы №253 ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет Стандартына негізделеді.
Қажетті құжаттар
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
еркін нысандағы өтініш;
сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат (он алты жасқа толмаған адамдар үшін – туу туралы куәлігі).
2) порталға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс.
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі
осы мемлекеттік қызметті берушінің электрондық-цифрлық қолтаңбасы қойылған қағаз түріндегі (еркін нысанда) немесе электрондық құжат нысанындағы тіркеу туралы анықтама (талон).