«Мемлекеттік тіл – менің тілім» облыстық тіл байқауы

2016 жылдың 16 қарашасында қаламыздағы Қазақстан Халқы Ассамблеясы ғимаратында денсаулық сақтау мекемелері мен ұйымдарының өзге ұлтты медицина қызметкерлері арасында облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2016 жылғы 26 қыркүйектегі №176-3 бұйрығына сәйкес «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты облыстық тіл байқауы өткізілді. Байқаудың ереже - шарттары облыстың барлық емдеу - профилактикалық мекемелеріне алдын ала жіберіліп, таныстырылды. Байқауға қатысуға 20 медицина мекемесінен үміткерлерден өтініш түсті. Бірақ іріктеу сынағынан 15 үміткер ғана сүрінбей өтіп, байқауға жіберілді:
1.Глычдурдиева О.О - ұлты түркімен, Ембі аудандық ауруханасының медбикесі;
2.Хомутская А.Ю – ұлты орыс, №5 қалалық емханасының дәрігері.
3.Файзуллина А.Э- ұлты татар, 1991 жылы туған, Мұғалжар аудандық орталық ауруханасының дәрігері;
4.Маккачева С.О- ұлты неміс, №1 қалалық емханасының кіші медицина қызметкері;
5.Каликова Т.Н- ұлты неміс, «Үміт» сәбилер үйінің қызметкері;
6.Каратаева В.М - ұлты молдаван, Ақтөбе облыстық ауруханасынң шаруашылық бикесі;
7.Катана Д.Ю - ұлты молдаван, 1999 ж.т. Ақтөбе медицина колледжінің 1 курс студенті;
8.Хабибуллаева Ш.Н - 1991 ж.т, ұлты өзбек, облыстық балалар ауруханасының жалпы тәжірибелік дәрігері;
9.Герасимова М.В - 1988 ж.т, ұлты орыс, облыстық балалар ауруханасының дәрігері.
10.Курбановская Е.Ф - 1992 ж.т, ұлты орыс, «Арасан-Ақтөбе» медбикесі
11.Когай В.А- 1986 ж.ұлты орыс, «отбасылық медицина клиникасы» емханасының дәрігері.
12.Дәуренбек Д.В- ұлты белорус, Хромтау аудандық орталық ауруханасының акушеркасы.
13. Сорокина А.А- 1991 ж.т, ұлты украин, облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек бекетінің фельдшері;
14.Горбунова Е.М- ұлты орыс, медициналық жедел жәрдем ауруханасының кіші медицина қызметкері.
15.Лопатина Т.П- ұлты орыс, қалалық балалар клиникалық ауруханасының кіші медицина қызметкері.
Байқауды жоғары дәрежеде өткізу мақсатында төмендегідей құрамда ұйымдастыру комитеті құрылды:
Төраға:
- Г.Ш.Мәмбетжанова - басқарма басшысының орынбасары.
Мүшелері:
-Р.Рахиев - басқарманың мемлекеттік тілге жауапты маманы
-Ә.Бисенғазина – обл. балалар ауруханасының дәрігері
-С.Тәжібаева - Ақтөбе медицина колледжі директорының орынбасары.
-Б.Төленғали - «Шағала» балалар туб.санаториясының мұғалімі
-Г.Кенжебаева – обл.жедел және шұғыл медициналық көмек бекетінің тіл маманы.
-А.Жанабергенов – обл.психоневрологиялық диспансерінің аудармашысы
Қ.Кусенбаева- ЖИТС орталығының аудармашысы.
«Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты облыстық тіл байқауы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аясында өткізілді.
Байқау Тәуелсіз еліміздің Гимні орындалуынан басталды.
Биыл Елімізде алғашқы «Тілдер туралы» Заңының қабылданып, қазақ тіліне мемлекеттік дәреже берілгеніне 27 жыл толды. 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында тіл туралы» заңы қабылданды. Заңда Республика халықтарының тілдерін қолдаумен дамытудың құқықтық негізі бекітілген.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республиксындағы тілдерді қолдау мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты- мемлекеттік тілді дамытудың басымдылығына негізделген және азаматтардың тілдік қажеттілігін қанағаттандыруға, тілдік қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған. Бұл мақсатта облыстық денсаулық сақтау басқармасында және басқармаға қарасты денсаулық сақтау мекемелері мен ұйымдарында бірқатар игілікті жұмыстар атқарылып келеді. Тіл – ұлттық рухтың негізі десек, тіліміздің абыройын асыру, қадірін арттыру, оған қажеттілік туғызу өзіміздің қолымызда!
Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «Біз барлық Қазақстандықтарды біріктірудің негізгі факторы болып есептелетін, бүкіл қазақтың ана тілі- мемлекеттік тілді дамытуға барлық күшімізді жұмсауымыз керек» деп атап көрсеткен болатын. Бүгінгі облыстық тіл байқауы- осы бағыттағы жұмыстардың дәлелі.
Бүгінгі мереке Қазақстан Халқы Ассамблея үйінде өткізілгенінің өзі үлкен ғанибет! Өздеріңіз білесіздер, 1995 жылы Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтын Әбішұлының ұйғарымымен Қазақстан Халқы Ассамблеясы құрылды. Ассамблея қазіргі уақытта Қазақстан Халқының ынтымағымен береке-бірлігін жалғастыра отырып, оларды бір мақсат, бір мүдде жолында аянбай еңбек етуде жұмылдыруда.
Байқаудың Әділқазылар алқасы:
1. – Әділқазылар алқасының төрағасы- Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Әскерұлы Қалиев
- Лаура Қажығалиқызы Жазықова , «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы»Қоғамдық Бірлестігі Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы.
- Ізбасқан Нуриддинұлы Аймағанбетов, дәрігер, денсаулық сақтау саласының ардагері
- Роман Рахиұлы Рахиев- облыстық халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төралқа мүшесі, дәрігер.
- Қабақбаев Жанғабыл Жұмағалиұлы- облыстық халықаралық «Қазақ тілі қоғамының» төрағасының орынбасары
- Есмахан Әбдірәш Нұрмаханұлы- қалалық халықаралық «Қазақ тілі қоғамының» төрағасы
- Төлебаева Гүлайым Тельманқызы-облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы
- Ізтілеуова Роза Базарбайқызы- «Ақтөбе облысының дәрігерлер және провизорлар Ассоцияциясы» ҚБ басшысы
Тәуелсіз еліміздің 25 жылдық мерей тойына арналған облыстық тіл байқауының алғысөзін айтуға сөз облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Әскерұлы Қалиевке берілді.
Байқаудың шарттары:
Бірінші кезең Таныстыру кезеңі. Үміткер өзінің аты-жөнін, тегін, жұмыс орнын, лауазымын таныстырады. Таныстыру еркін түрде болады. Қатысушылар мекемелері туралы стендтерді қолдана отырып, өздерін таныстыра алады.
Екінші кезең: Ұлы тұлғалар мен мақал-мәтелдерді білу деңгейі: бұл кезеңде «Мемлекеттік тіл - менің тілім» тақырыбына «тұсаукесер» өткізеді. Қысқаша –Қазақ елінің тарихы, ұлы тұлғалары, еліміздің аймақтары және ел Астанасы туралы мәліметтер беріледі.
Келесі тақырып – номинация бойынша қатысушылар қазақ халқының салт-дәстүрлеріне, қазақ халқының ұлттық аспаптарына байланысты сұрақтарға жауап береді. Сонымен қатар, осы кезеңге «Сөз асылы – мақал» демекші, халық қазынасы – мақал-мәтелдерді де қоса енгізіп отырмыз.
Сайыстың үшінші кезеңінде қатысушылар мемлекеттік тілде құжатты қаншалықты сауатты жүргізе алатынын көрсете білулері қажет және ұлтымыздың салт дәстүрлері мен ұлттық аспаптары жөнінде айтады.
Байқаудың салтанатты ашылуына облысымыздың белгілі ақсақал- азаматтары: Беріков Ниетжан, Жәнібек Абдрахманұлы, Алтай Тайжанов, Құлбатыр Айша Мұхамбетқазықызы - қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі, тіл жанашырлары, тіл майданының ардагерлері - Тұрсын Қабдыжанқызы, Күләнда Шәпиқызы, Несібелі Сақтағанқызы сияқты апаларымыз қатынасты. Сонымен қатар бүгінгі байқауға анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тіліміздің өркендеуіне, дамуына бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұрпақтан ұрпаққа таныстуда елеулі еңбек етіп келе жатқан барлық емдеу мекемелерінің тіл жанашырларымен, тіл мамандары, ардагерлер мен ұжым қызметкерлері көптеп қатынасты. Байқаудың 4 кезеңі аяқталған соң , әділқазылар алқасы өз шешімдерін тұжырымдап келгенше емдеу мекемелерінің көркемөнерпаздары өз өнерлерін көрсетті.
Сайыс өте мазмұнды, тартысты және жоғары дәрежеде өтті. Қатысушылар өте жақсы өнерлерін көрсетіп, дайындықпен келгендерін дәлелдеп, мемлекеттік тілімізге деген құрметтерін көрсету арқылы көрермендердің ықыласына бөленді. Сондықтан әділқазылар алқасы өзара кеңесе отырып, жүлделі орындарды көбейтті:
1 бас жүлде,
1 бірінші орыннан басқа 2 екінші орын, 3 үшінші орын белгіленді.(барлығы 7 жүлделі орын)
Сайыстың бас жүлдесін Ақтөбе медицина колледжінің студенті Катана Динара Юрьевна – 1999 ж.т , молдован қызы жеңіп алды. Бас жүлдеге бағалы сыйлықпен бірге Еліміздің демалу орталығына тегін жолдама берілді.
Байқаудың жүлделі бірінші орнын «Үміт» сәбилер үйінің Каликова Тамара Николаевна 1987 жылы туған неміс қызына берілді. Жүлдегерге бағалы сыйлықпен қатар «денсаулық» демалыс орнына тегін жолдама берілді.
Екінші орынды Когай Виктория Александровна 1986 жылы туған ұлты орыс, «отбасылық медицина клиникасы» емханасының дәрігері иеленді.
Екінші орын Ембі аудандық ауруханасының медбикесі Огулгул Ореевна Глычдурдиева 1990 жылы туған Түркмен қызына берілді.
Үшінші орынды Хомутская Елена Юрьевна 1990 жылы туған ұлты орыс, №5 қалалық емхана дәрігері және
Үшінші орынды Горбунова Евгений Михайловна 1994 жылы туған ұлты орыс медициналық жедел жәрдем ауруханасының кіші медицина қызметкеріне берілді.
Үшінші орын – Дәуренбек Диана Викторовна 1987 жылы туған ұлты белорус, Хромтау аудандық орталық ауруханасының акушеркасына берілді. Бұдан басқа еліміздің Тәуелсіздігінің құрдастары - Файзуллина Алия Элмировнаға, Хабиболллаева Шохиста Нұрметовнаға және Сорокина Алена Анатольевнаға 25 жасымен құттықтап Ақтөбе облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы атынан ассамблея жауапты маманы Замзагүл Әділгерейқызы бағалы сыйлықтар тапсырды.
Ал облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы – Хон Ақмарал Рахметуллақызы, байқауға қатысушы Қаратаева Вероника Михайловнаға отбасы құрғанына 25 жыл толу тойымен құттықтап бағалы сыйлық тапсырды. Кеш соңында барлық қатысушылар, ұйымдастырушылар, әділқазылар алқасы және тіл жанашырлары сахна төріне шығып «Атамекен» әнін үлкен шабытпен шырқады.