Денсаулық сақтау басқармасының ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы

Елбасы жарлығымен бекітілген 2016-2019-шы жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарлама биыл бірінші жыл жүзеге асырылуда. Бағдарламаның негізгі мақсаты - тұрғындарға сапалы, әрі қол жетімді медициналық көмек көрсету.
Денсаулық сақтау саласына биылғы жылға 37 млд. 900 млн. теңге көлемінде қаражат қарастырылды. Оның 29,9 млд. теңге Республикалық бюджеттен, 8 млд.теңге жергілікті бюджеттен бөлінді. Қаражат жоспарға сай игерілуде.
Биыл Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің 73 түлегі Ақтөбе облысының емдеу, алдын - алу ұйымдарына жұмысқа орналасты, олардың 38 –і аудандық ауруханаларға және 35-і қалалық емдеу, алдын –алу ұйымдарына. Сонымен қатар тапшы мамандықтар бойынша 8 түлекті резидентураға қабылдадық. Өкінішке орай, облысымызда әлі де маман тапшылығы бар. Бүгінгі күні 74 дәрігерге сұраныс бар. Есеп беріп отырған мерзім ішінде 598 дәрігер мамандар біліктілігін жетілдірді, оның 14-і шет елде. Дәрігерлермен қамтамасыз етілу 10 000 тұрғынға шаққанда - 31,9 ( ҚР – 29,5).Аудандар арасында ең аз қамтылғандары: Хромтау -12,9; Мартөк-15,0; Мұғалжар – 15,4
Облыста мемлекеттік құрылымда 2692 дәрігер, барлық салада 3697 дәрігер жұмыс жасайды.
Ағымдағы жылдың 1-ші қарашасына дейін 16710 нәресте дүниеге келді (2015ж. - 16685). Туу көрсеткіші облысымызда жылма - жыл өсуде, тек соңғы 10 жылдың ішінде облысымызда туу көрсеткіші 40%-ға өсіп отыр. Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша туу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 2,1 %-ға өсті, - 24,13 (2015 ж. – 23,68); ( ҚР – 23,22).
Жалпы өлім көрсеткіші 9 айдың қорытындысы бойынша 1000 адамға есептегенде 6,84-ті құрап отыр. Өткен жылмен салыстырғанда 2,2 % -ға жоғарлап отыр ( ҚР – 7,48). Республикалық көрсеткіштен 8,5% -ға төмен.Тұрғындардың өлім – жітім себептерінің арасында: бірінші орында жүрек, қан - тамырлар аурулары - 26%, екінші орында тыныс алу мүшелерінің аурулары -13,9%, үшінші орында қатерлі ісіктер аурулары - 12,2%, төртінші орында жарақаттану және жазатайым жағдайлар – 10,3%.
Ана мен бала денсаулығын қорғау – мемлекеттік саясаттың ең маңызды бағыттарының бірі. Нәресте өлімі 1000 тірі туғанға есептегенде 9,61 –ге тең. Өткен жылмен салыстырғанда 7,2%-ға төмендеді (ҚР- 9,0). Бүгінгі күні 10 айдың қорытындысы бойынша нәресте өлімі тағы да 3,1% -ға төмендеп, 9,0-ге тең болып отыр. Нәресте өлімі келесі аудандарда облыстық көрсеткіштен жоғары болып отыр:
Темір - 17,1; Шалқар - 14,03; Ойыл - 13,33
Есеп беріп отырған мерзімде ресми облыстық статистика бойынша 2 ана өлімі тіркелді, 100 000 тірі туылғандарға есептегенде – 17,1 құрады (ҚР - 12,1). Екі өлімнің де негізгі себебі - жүктілікке байланысты емес экстрагенитальдық патологиялар. Бұл жағдайлар бойынша тәуелсіз сарапшылар тобымен тереңдете тексеріліп, 2 өлімге де араша болуға мүмкін емес екендігі анықталды.
Облыс бойынша жүрек, қан - тамырлар жүйесі ауруларынан өлім-жітім көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда (2015ж. - 186,24) 4,6%-ға төмендеп, 177,67 –ні құрады ( ҚР - 179,85) 1,2%-ға төмен.
Өлім санының азаюына бірден бір себепші елімізде жүргізіліп жатырған скринингтік тексерулер. Облыс бойынша тексерілген тұрғындардың (3634) 5,5%-нан аурулар табылып, оларға дер кезінде қажетті емдік шаралар тағайындалды.
Қатерлі ісік аурулары өлім – жітімі 9 айдың қорытындысы бойынша 83,6-ға тең болды (2015ж.–82,0); (ҚР–89,55). Облыс бойынша қатерлі ісік ауруларының өлім – жітімі жоғары көрсеткіштерді мына аудандар құрап отыр: Мәртөк (109,0), Шалқар (92,0), Алға (80,0) аудандары. Жыл соңына дейін Меморандумда көзделген 74,5 көрсеткішке қол жеткізуге толық мүмкіндік бар. Жарақаттар мен жазатайым жағдайлар 100 000 тұрғынға шаққанда 70,46 (2015ж.- 84,14), өткен жылмен салыстырғанда 16,2%-ға төмендеп отыр ( РҚ-77,44). Оның ішінде жол көлік апаты салдарынан 642 адам жарақат алды (2015ж. - 740). Жол көлік жарақаты салдарынан 62 адам қайтыс болды, оның 3-уі балалар (2015ж. – 80 адам, оның ішінде 5 бала). Туберкулез бойынша аурушаңдық көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда (2015ж.– 49,3) 3,9%-ға төмендеп, 47,3-ті құрады, (ҚР - 54,8) 13,7%-ға төмен. Облыстық көрсеткіштен Ақтөбе қаласында ( 55,1) және Әйтекеби ауданында 2 есеге жоғарылап тұр. Жасөспірімдер арасындағы туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайда өткен жылмен салыстырғанда тұрақтанып, аурушаңдық азайды. Жыл басынан бері 30 (2015ж.- 41) жасөспірім туберкулезбен ауырып, аурушаңдық өткен жылмен салыстырғанда 26,8 %-ға кеміді. Бұл көрсеткіш Қарғалы ауданында - 168,1; Әйтекеби ауданында – 278,0; Қобда ауданында - 132,3 облыс көрсеткішінен әлдеқайда жоғары болып отыр. Туберкулез өлім – жітім көрсеткіші 100 мың халыққа есептегенде 2,7-ні құрады (ҚР - 3,3). Ең жоғары көрсеткіштер Ойыл ауданында - 7,1; Қобдада – 6,9; Шалқарда - 5,7; Ақтөбе қаласында - 5,1-ді құрап отыр. Қазіргі таңда облыс бойынша стационарлық керует қоры - 4344, 9 ай ішінде осы керуеттерде 88724 науқас ем алса, күндізгі стационарларда 39799 науқас ем алып шықты.
Барлық емханаларда 4 млн. 837 мың қабылдау жүргізді. Бір тұрғынға шаққанда 5,8-ді құрады (2015ж7 - 4,8).Есеп беріп отырған мерзім ішінде облыс тұрғындарына 667 жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетілді. Оның ішінде 4 бауыр трансплантациясы, 14 бүйрек трансплантациясы, 38 буын ауыстыру операциялары, 117 кардиохирургиялық операциялар, оның ішінде 37-сі балаларға.
Биылғы жылы облыс аудандарында 6 медициналық пунктінің құрылысы аяқталуда, 3 медициналық нысанның құрылысы мемлекеттік жекеменшік әріптестігі аясында жүргізілуде. Сонымен қатар 17 нысанға жол картасы бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, қарастырылған 609 млн. теңге жоспармен игерілуде. Медициналық көмектің сапасын жақсартып, озық жаңа технологияларды облысымыздың емдеу, алдын - алу ұйымдарына енгізу мақсатында Республика деңгейіндегі ғылыми зерттеу институттарымен және шет елдердегі алдыңғы қатардағы емдеу ұйымдарымен тығыз байланыс жасалды. Атап айтқанда: Оңтүстік Корея, Израиль, РФ және Түркия елінің әлемге танымал алдыңғы қатардағы медициналық мекемелерімен келіссөздер жүргізіліп, екіжақты өзара тығыз байланыстар орнатуға қол жеткізілді. Сонымен қатар 9 айдың ішінде 18 шеберлік класы ұйымдастырылды. Халықаралық деңгейде 2 форум өткізілді. Ақтөбеде Республикалық эндохирургтердің, стоматологтардың кезекті съездері өткізілді. Эндохирургтердің съезі барысында жоғары сатылы хирургтермен 8 шебер класы ұйымдастырылып, 35 күрделі операциялар жасалды. Алдағы уақытта да мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған осындай іс-шаралар жоспарлы түрде ұйымдастырылып отыратын болады.
Өткен 9 айда Облыстық әкімшіліктің қолдауымен бірнеше форумдар өткізілді. Халықаралық деңгейде өткізілген маслихаттар нәтижесінде 5 Меморандумға қол қойылып,облыс медицинасының болашақта алатын биіктеріне алғашқы қадамдар жасалуда.
Көрші Ресей мемлекетінің Орынбор облысының денсаулық сақтау министрлігімен меморандум жасалынды: көз-жанар ауруларымен сырқат жандарға, адам ағзаларын алмастыруда, медициналық көмектің сапасын көтеру жолында, омыртқа-буын ауруларына, сырқаттарды емдеуде түрлі жаңа технологиялық әдістерді бірігіп енгізілуде.Жетістіктер мен мәселелер
Осы атқарылып отырған іс-шаралардың нәтижесінде облысымыздағы тұрғындарының денсаулық деңгейлері жақсарып келеді.Қазіргі уақытта орташа өмір сүру ұзақтығы - 72 жас 4 айды құрады (ҚР-71,9). Республика аймақтарының арасында біздің облысымыз бұл көрсеткіш бойынша 5 орынды иеленіп отыр.
Соңғы жылдары Елбасы, Үкімет, жергілікті атқарушы органдар тарапынан, жан - жақтан қолдау көрсетілу нәтижесінде денсаулық сақтау саласы біршама жетістіктерге қол жеткізді.