Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 466 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жоба
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 466 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 466 «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4734 тіркелген, «Ақтөбе» газетінде 16 ақпанда 2016 жылы және «Актюбинский вестник» газетінде 2016 жылғы 15 ақпанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев
Жобаны енгізуші:
«Ақтөбе облысының денсаулық
сақтау басқармасы» ММ басшысы Ә.Қалиев
mm: 
Октябрь