Коллегия

2016 жыл 21 қазаны күні облыстық денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысы өтті. Алқа отырысына Республикалық акушерлік, гинекологиялық және перинаталдық ғылыми орталықтың басшысы Ақтаева Ләззат Мейрашқызы қатысып отырды.
Алқа отырысында «Облыстың денсаулық сақтау саласы қызметінің 2016 жылдың 9 айлық жұмыс қорытындысы» бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ә.Ә.Қалиев баяндама жасады. 2016 жыл – Елбасының 2015 жылдың 29 қарашасындағы Жарлығымен бекітілген еліміздің денсаулық сақтау ісін дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында облыстың денсаулық сақтау саласының халыққа медициналық көмек көрсету жолында қол жеткізген біршама жетістіктерді атап өтті.
2016 жылға облысымыздың денсаулық сақтау саласына мемлекеттік бюджеттен 37,9 млрд. теңге бөлінді.9 айда бөлінген 27,4 млрд.теңгенің 96% игерілді.Кадр мәселесі бойынша облысымызда 82 дәрігер жетіспеушілігі бар, бұл мәселені шешу мақсатында биыл Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетін бітірген түлектердің ішінен 73 жас маман ғана жұмысқа орналастырылды, Ақтөбе облысы бойынша олардың 38-і аудандарда, 35-і қалада еңбек етуде.
Жүрек қан тамырлары ауруларына 9 айда 115 тромболизис жасалған, оның 104-і ауруханаға дейін, 11 науқасқа ауруханада көмек көрсетілді. Олардың 104-і жүректің жіті инфарктында жасалған (104/3).
Коронароангиографиялық тексерулер барлығы 1151 рет жасалған (БҚММУ -472, ЖМККА-213, АОА-466), оның ішінде 565 науқасқа жедел, ал 586 науқасқа жоспарлы түрде тексеру жүргізілді.
9 айда барлығы 391 стент (БҚММУ -204, ЖМККА-75, АОА-112), қойылған, 228 жедел түрде, 163 жоспарлы түрде.
Елімізде жүргізіліп жатырған скринингтік тексерулер өзінің бағасын көрсетуде, облыс бойынша тексерілген тұрғындардың (3634) 5,5%-нан аурулар табылып отыр, сондықтан біздің көрсеткіштеріміздің әлемдік стандарттарға сәйкес келуі шартты.
Облыста күндізгі стационарда 1284 (2015ж-1245) керует жұмыс жасайды. 2015 жылмен салыстырғанда 39 керуетке артқан (2015 жыл - 11245). Ем алған науқастардың саны да 11,4%-ға өсіп, 39799 науқасты құрады.
Облыста ауруханалық 3965(2015 ж-4015) керует жұмыс жасайды. 2015 жылмен салыстырғанда 50 керуетке азайды . Ем алған науқастардың саны 5,94%-ға өсіп, 88724 науқас ем алды.
Жоғары арнаулы медициналық көмек
ЖМККА барлығы 151 жоғары медициналық көмек көрсетілген, оның ішінде 15 жамбас, 4 тізе буыны ауыстырылған, 46 рет ми тамырларына жамау/клипирование салынған.
БҚММУ жоғары медициналық көмектің 17 түрінен барлығы 199 ауру ем алған, оның 14 түрі жүрек- қан тамырлары аурларына көрсетілген.
2015 жылы БҚММУ жоғары медициналық көмектің 26 түрінен барлығы 246 науқас ем алған, оның 22 түрі жүрек-қан тамырлары аурларына көрсетілген.
Ақтөбе облыстық ауруханасында барлығы 151 жоғары медициналық көмек көрсетілген, оның ішінде 15 жамбас, 4 тізе буыны ауыстырылған, 46 рет ми тамырларына жамау/клипирование салынған.
Облыс бойынша скринингтік тексерістерге жоспарланған 547 495 (2015ж. - 454 698) тұрғынның 83,0% қамтылған. Қамту деңгейі орындалғанмен, патологиялық өзгерістердің анықталу деңгейі облыс бойынша – 4,0% ғана құрады.
Сүт безі, жатыр мойны, тоқ ішек, асқазан мен өңеш, аталық бездердің скринингтік бағдарлама бойынша облыста тексерілуге тиісті 93909 халықтың 73752-і тексерістен өтті және осылардың ішінен 2554(3,5%) адамнан ауру түрі табылды.
Биылғы жылы облыста 6 құрылыс салынуда және 2 нысанға жобалау-қаржылық құжаттары дайындалуда. 9 айда қарастырылған қаржылар толығымен игеріліп, нысандар беріле бастады.Сонымен қатар 6 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, қарастырылған 344 773 мың теңгенің 264 780,60 теңгесі игерілді (76,80%), жұмыстар аяқталуға жақын. Бұлардан басқа август-сентябрь айларында қосымша 304 652,8 мың теңге қаржы бөлініп, 11 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, 4 нысан Әйтекеби ауданында, қалғандары қалада және Мұғалжар ауданында
2016 жылы облыстық денсаулық саласында Елбасының тапсырмасымен қолдау тауып отырған, облыс әкімінің бастауымен біраз жағымды шаралар атқарылды. Атап айтқанда: мемлекеттік –жекеше әріптестік бағдарламасы арқылы Оңтүстік Корея, Израиль және Түркия елінің әлемге танымал алдыңғы қатардағы медициналық мекемелерімен келіссөздер жүргізіліп, екіжақты өзара тығыз байланыстар орнатуға қол жеткізілді.Алдағы уақытта біздің мамандарымыз осы елдерге барып, өздерінің біліктілігін арттырып, тәжірибесін ұштастыруға мүмкіндік алады. Осы арада біздің дәрігерлердің шетел тілін меңгергендерінің аты озатыны белгілі болып отыр. Қазіргі күнге 4 (3- облыстық ауруханадан, 1- ЖМККА) дәрігер оқып келді. Осы жасалған меморандум арқасында Түркиялық әріптестеріміз жедел жәрдем станциясының бас ғимаратының құрылысын бастап кетті, құрылыстың жалпы құны 5,5 млрд.теңге. Осы қаржы көлемінде санавтокөлік және медициналық құрал-жабдықтар шығаратын завод салу көзделген.
Облыс Әкімінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 274 қаулысымен Республикада тұңғыш болып «Аktobe medical center» медициналық кластері ұйымдастырылды.
Кластер құрамына облыстық аурухана,облыстық балалар аурханасы және облыстық кеңес беру емдеу және диагностикалық емханасы біріктірілген, кластерде Қазақстанның Батыс өңірінің және көршілес Қызылорда облысының тұрғындары толық ем ала алады.
Сонымен қатар Эндоскопиялық хирургиясының VI cьезді өтті. Съезде дүние жүзілік деңгейдегі хирургтар өз тәжірибелерімен бөлісті. Облыс әкімінің марапаттауы болды.
2017 жылдан бастап, санитарлық қадағалау және эпидемиологиялық станциялары және білім беру саласына өтіп кеткен мектептердегі медициналық қызмет қайтадан денсаулық сақтау уәзірлігінің құзырына өтеді. Облыста барлығы 418 мектеп бар, олардың 11 мектеп интернат.
389 мектепте медициналық кабинет бар, барлығы 14 дәрігер және 375 мейірбике жұмыс жасайды. 29 мектепте медициналық кабинет жоқ болып шықты. Алдағы уақытта осы мектептерде медициналық көмек көрсету жұмыстарын жолға қойылатын болады.
ҚРҮ, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 16 қарашадағы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңын жүзеге асыру мақсатында Ақтөбе облысында ақпартаттық – түсіндіру «Жол картасы» бағытында іс-шаралар өткізілуде:
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша ақпараттық –түсіндіру жұмыстары жөніндегі облыс әкімінің орынбасары А. Т. Шериязданов төрағалығымен облыстық штаб құрылды.
Облыс бойынша ақпараттық –түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында ықшам топ құрылып, іс-шара жоспары бекітілді.
« Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» заңнамасын жүзеге асыру мақсатында облыстағы 2 -ші кезеңнің жоспары жасалынып, әрі қарай жұмыс беруші қызметкерлермен, еңбек ұжымдарымен және де халық арасында насихаттау жұмысы жалғасын табуда.
Бүгінгі таңда каскадты әдіс бойынша жұмыс жалғастырылуда: облыстық, қалалық және де барлық аудандық медициналық ұйымдарда өздерінің жұмыс тобы құрылып, ақпараттық- түсіндіру жұмыстарын әрі қарай жүзеге асыруда.