Денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке лицензиялар беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру

Қызметтің атауы
Денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке лицензиялар беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру
Қызметті көрсететін
Мемлекеттік орган
  1. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ;
  2. www.elіcense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы;
  3. www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы;
  4. ХҚКО.
Қызметтің тұтынушылары
Заңды тұлғалар
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы
электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Қызметтің көрсетілетін тәртібі
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2014 жылғы 24 ақпандағы №142 ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет Стандартына негізделеді.
Қажетті құжаттар
көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚО-ға жүгінген кезде:      лицензияны алу үшін:      1) өтініш;      2) мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, салық органына есепке қою туралы, лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады;      3) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);      4) есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.      Лицензияға қосымшаны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мыналарды ұсынады:      1) өтініш;      2) қызметтің кіші түріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар;      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:      1) өтініш;      2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;      3) көрсетілетін қызметті алушы қайта ресімделген лицензияны алған кезде бұрын берілген лицензияны және лицензияға қосымшаны көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады;      4) лицензияны қайта ресімдеу қажеттілігін растайтын құжаттар:      жеке тұлға тегiнің, атының, әкесiнiң атының (ол болған кезде) өзгеруі;      дара кәсiпкердің қайта тiркелуі, оның атауы мен мекенжайының өзгеруі;      заңды тұлғаның бiрiгу, қосылу, бөлiнiп шығу немесе қайта құрылу нысанында қайта ұйымдастырылуы;      заңды тұлға атауының және (немесе) заңды мекенжайының өзгеруі.      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды ауыстырған сәттен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде көрсетілетін қызметті берушіге лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін өтініш бередi.      Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру үшін:      1) лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының лицензияның электрондық көшірмесін порталда «жеке кабинетте» алуға мүмкіндігі бар;      2) лицензия жоғалған, бүлінген кезде порталда «жеке кабинеті» болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын ала алады және көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды ұсына алады:      өтініш;      қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);      портал арқылы жүгінген кезде:      лицензияны алу үшін:      1) толтырылған мәліметтер нысаны бар, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;      лицензияға қосымшаны алу үшін:      1) толтырылған мәліметтер нысаны бар, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;      2) лицензия туралы мәліметтер (порталда бар болса) немесе электрондық көшірме түріндегі лицензия;      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;      2) көрсетілетін қызметті алушы қайта ресімделген лицензияны алған кезде бұрын берілген лицензияны және лицензияға қосымшаны көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады;      3) лицензияны қайта ресімдеу қажеттілігін растайтын құжаттар:       жеке тұлға тегiнің, атының, әкесiнiң атының (ол болған кезде) өзгеруі;      дара кәсiпкердің қайта тiрелуі, оның атауы мен мекенжайының өзгеруі;      заңды тұлғаның бiрiгу, қосылу, бөлiнiп шығу немесе қайта құрылу нысанында қайта ұйымдастырылуы;      заңды тұлға атауының және (немесе) заңды мекенжайының өзгеруі.      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды ауыстырған сәттен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде көрсетілетін қызметті берушіге лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін өтініш бередi.
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі
денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке лицензиялар беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру немесе осы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап.