№6 қалалық емхана Халықаралық Қарттар күнін аттап өтті.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен 30 қыркүйек күні №6 қалалық емхананың ұжымы «1 қазан –Халықаралық Қарттар күнін" атап өтті. Саналы ғұмырын елдің қарыштап дамуына арнаған, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесінде лайықты құрмет көрсетілді . Бүгінде мемлекетімізде қарттарға көңіл бөлініп, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалып жүр. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің алдыңғы қатардан көрінуіне үлестерін қосқан аты ардақты, аяулы қарттарымызға емханада «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Шара аясында қарт кісілердің қан қысымы, қан құрамындағы қант және холестерин деңгейі тексерілді. Емхана мамандары тегін кеңес көрсетіп, ақпараттық-білім беру материалдары таратылады. Қарттар күніне арналып жоспарланған бағдарлама бойынша «Д» есепте тұрған 1932 жылғы Құланбай Сатеров атамызға емхана бас дәрігері Жексенби Көптілеуов емхана атынан есту аппаратын сыйға беретінін айтты. Емханада тіркеуде тұрған егде жастағы 50 тұрғынға стоматологиялық және ортопедиялық тегін көмек көрсетіліп жатыр. Олар жыл аяғына дейн қаламыздағы жеке стоматологиялық емханаларда ем алады. Әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған 15 ардагерге көзілдірікті тегін алу үшін сертификат берілді. Өз бетімен келе алмайтын 25 тұрғынға үй жайындағы көмек көрсетіледі. 43 азаматқа медициналық-әлеуметтік көмек көрсету қалтасы ұйымдастырылып, таратылды. Жүріп –тұруы қиын қарияларға емхананың қызметкерлері үйлеріне арнайы барып, сыйлық үйлестірді. Сондай-ақ мерекелік шараға денсаулық сақтау саласының ардагерлері шақырылды. Ұзақ жылдар медицина саласына елеулі үлес қосқан, еңбек сіңірген ардагерлерге гүл шоқтары мен қаржылай сыйлық таратылды. Шара соңында қарияларымыз Жетесовтар отбасының дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады.
Бұл мерекені күнін атап өтудегі мақсат аяулы қарттардың есімін ардақтап, оларды толғандырған мәселеге бей-жай қарамау. Лайықты құрмет көрсетіп, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру.