Қарттар күніне

2016 жылдың 1- қазан Дүние жүзілік Қарттар күніне орай №6 қалалық емханасында ашық есік күні өткізілді. Ашық есік барысында тегін Кетле индексі бойынша бой мен салмақ үйлесілімдігін анықтау, қан құрамындағы қант мөлшерін анықтау, артериялық қан қысымын анықтау, учаскелік терапевттер және штаттан тыс бас мамандар кеңес беру шаралары жүргізілді. 43 адамға тегін медициналық әлеуметтік көмек көрсету қалтасы берілді. №6 ҚЕ «Д» есінде тұрған 1 адамға есту аппаратымен қамтамасыз етілді. Ақпараттық оқыту материалдары таратылды. Офталмологиялық көмектер ұйымдастырылды. Концерттік бағдарлама қойылды.