Дәрiгердiң қабылдауына жазылу

Қызметтің атауы
Дәрiгердiң қабылдауына жазылу
Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
қызметті алушы немесе оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге тікелей немесе телефон байланысы арқылы өтініш берген кезде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (учаскелік терапевт/учаскелік педиатр/жалпы практика дәрігері), сондай-ақ www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі.
Қызметтің тұтынушылары
Жеке тұлғалар
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы
электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Қызметтің көрсетілетін тәртібі
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2014 жылғы 20 наурыздағы №253 ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет Стандартына негізделеді.
Қажетті құжаттар
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат (он алты жасқа толмаған адамдар үшін – туу туралы куәлігі);
бекітілген халық тіркеліміне сәйкес осы көрсетілетін қызметті берушіге бекітудің болуы қажет;
2) порталға:
электрондық құжат нысанындағы «жеке кабинеттегі» жүйелі сұраныстар;
бекітілген халық тіркеліміне сәйкес осы көрсетілген қызметті берушіге бекітудің болуы.
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі
1) көрсетілетін қызметті берушіге тікелей немесе телефон байланысы арқылы өтініш берген кезде – көрсетілетін қызметті берушінің дәрігерінің қабылдауына алдын ала жазылу журналында жазылу және одан кейін дәрігерлердің қабылдау кестесіне (бұдан әрі – кесте) сәйкес дәрігердің қабылдайтын күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру;
2) порталға электрондық форматта жүгінген кезде – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушінің электрондық-цифрлық қолтаңбасы қойылған дәрігердің қабылдауына жазылу туралы анықтама беру.