Дәрiгердi үйге шақыру

1
Қызметтің атауы
Дәрiгердi үйге шақыру
2
Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі көрсетілетін қызметті берушіге тікелей немесе телефон байланысы арқылы өтініш берген кезде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (учаскелік терапевт/учаскелік педиатр/жалпы практика дәрігері), сондай-ақ www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі.
3
Қызметтің тұтынушылары
Жеке тұлғалар
4
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы
электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
5
Қызметтің көрсетілетін тәртібі
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2014 жылғы 20 наурыздағы №253 ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет Стандартына негізделеді.
6
Қажетті құжаттар
Уәкiлеттi ұйымға тiкелей жүгiнген кезде немесе телефон байланысы арқылы тұтынушының мемлекеттiк қызметтi алуы үшiн: 1) жеке басын куәландыратын құжаты (он алты жасқа толмаған адамдар үшiн – туу туралы куәлiгi); 2) тiркелген халықтың тiркелiмiне сәйкес осы уәкiлеттi ұйымға тiркеуiнiң болуы қажет. Электрондық форматта мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушыда: 1) жеке басын куәландыратын құжаты (он алты жасқа толмаған адамдар үшiн – туу туралы куәлiгi); 2) тұтынушының электрондық цифрлық қолтаңбасы; 3) тiркелген халықтың тiркелiмiне сәйкес осы уәкiлеттi ұйымға тiркеуiнiң болуы қажет
7
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі
1) тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті берушінің шақыруларды тіркеу журналында жазылу, одан кейін дәрігердің келетін күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру;
2) порталға электронды форматта жүгінген кезде – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің электрондық-цифрлық қолтаңбасы қойылған дәрігерді үйге шақыру туралы анықтама беру (электрондық түрде).