Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру

Қызметтің атауы
Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру
Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, ХҚКО, www.elicеnse.kz «Е–лицензиялау» веб-порталы
Қызметтің тұтынушылары
Заңды және жеке тұлғалар
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы
электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Қызметтің көрсетілетін тәртібі
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы» 2014 жылғы 24 ақпандағы №141 ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген.
Қажетті құжаттар
Қызмет берушіге:
1) лицензияны алу үшін:
жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжат;
қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған);
2) лицензияға қосымшаны алу үшін:
лицензия туралы мәліметтер не лицензияның көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда түпнұсқа немесе нотариат куәландырған көшірме);
медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын растайтын мәліметтер;
3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
еркін нысандағы өтініш;
лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төлегенін растайтын құжаттың көшірмесі;
Көрсетілетін қызметті алушы қайта ресімделген лицензияны алған кезде бұрын берілген лицензияны және лицензияға қосымшаны (бар болған жағдайда) көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады;
4) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін.
порталда «жеке кабинет» болмаған жағдайда лицензия жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын ала алады және көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды ұсына алады:
өтініш;
қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.
ХҚО-ға:
1) лицензияны алу үшін:
жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжат;
қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
2) лицензияға қосымшаны алу үшін:
салыстырып тексеру үшін лицензияның көшірмесі және түпнұсқасы (көрсетілетін қызметті алушыда лицензия болған және порталда лицензия туралы ақпарат болмаған жағдайда);
3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде:
қайта ресімдеу туралы өтініш;
лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу жағдайларын қоспағанда, лицензияларды қайта ресімдеу кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
салыстырып тексеру үшін лицензияның көшірмесі және түпнұсқасы (көрсетілетін қызметті алушыда лицензия болған және порталда лицензия туралы ақпарат болмаған жағдайда);
4) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін:
өтініш;
қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.
порталға:
1) лицензияны алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрату;
лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (ЭҮТШ арқылы төлеуді санамағанда);
2) лицензияға қосымшаны алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрату;
3) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрату;
лицензияны қайта ресімдеу кезінде лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда).
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі
медициналық қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасы немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап.