Егинбай А.Б.

Саламатсызба. Мен Астана қаласында оқитын студентпін. Жасым 17-де. Негізгі тұрғылықты мекен-жайым Ақтөбеқаласы Гоголь көшесі. Ақтөбе қаласы ГМЗ ауданы Гастелло көшесінде орналасқан поликлиникаға денсаулық жағдайымабайланысты қаралуға бардым. Учаскелік дәрігер Сипенова.А маған Астана қаласында оқитыныма байланысты меніқарамайтындығын және жеке клиникаға баруыма тиісті екенімді айтты. Бұны қалай түсіндіресіз.

Сіздің, 2016 жылғы 28 шілдесіндегі облыстық денсаулық сақтау басқармасының блогына жазған сұрағыңыз бойынша: Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Қазақстан Республикасында алғашқы медициналық – санитарлық көмек ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» 2016 жылдың 3 ақпанындағы №85 бұйрығына сәйкес жоспарлы медициналық көмек тұрғындарды тіркеу регистрі бойынша тұрғылықты жеріндегі емханада көрсетіледі. Сіз тұрғындарды тіркеу регистрі бойынша Астана қаласы, Ә.Молдағұлова көшесі 29Б, 100 пәтер бойынша №3 қалалық емханаға тіркелгенсіз. Сондықтан емхана қызметкерлерінің әрекеті заңды.
Сіз жоспарлы медициналық көмекті тек Астана қаласының №3 қалалық емханасында ала аласыз. Ал, шұғыл жағдай туындағанда кез – келген емдеу мекемесінен жедел медициналық көмекті тегін алуға құқығыңыз бар.
Сізге берілген жауабы қанағаттандырмаған жағдайда, Заңда белгіленген тәртіппен жоғары тұрған органға немесе сотқа шағымдануға Сіздің құқығыңыз бар.
Категория: 
Здравоохранение