Ақпарат Облыстың денсаулық сақтау қызметі 7 ай 2016 жыл

2016 жылдың 7 айының облыстың медициналық мекемелеріне жүгінген 1187813, олардың 23935 - 1 жасқа дейінгі балалар, 359729 – 14 жасқа дейінгі балалар, 762702 жасы 15 пен 74 арасындағылар, 75 тен асқандары 41447. 7 айда 11733 бала өмірге келді.ҚР қаулысына орай 353690 адам тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген.
Облыстың стационарларына 69073 адам жатқызылған (жоспарлы түрде -18705, шұғыл түрде -50368) олардың 16103 –на ота жасалды (жоспарлы түрде -4725, шұғыл түрде -11378), соның ішінде 1950 эндоскопиялық.
Жоғары мамандырылған медициналық көмекті 501 адам алған. Жүрекке ашық түрде 154 адамға ота жасалынды, оның ішінде жүректің туа біткен ақауымен 1 жасқа дейінгі балалар - 16.
919 коронароангиография жасалды, жүрекке 311 стент қойылды. №3 қалалық емқананың офтальмалогиялық амбулаториялық микрохирургиялық орталығында -202 ота жасалды.
7 айда облыста 8122 адам өздерінің ақниеттерімен қан тапсырып, мұқтаж науқастардың өмірін ұзартуға себеп болды.
Жедел жәрдем көмегіне 7 айда 110760 тұрғын жүгінген, олардың 28695 балалар. Апатты,күтпеген жағдайлар бойынша шақырғандар 13817, (оның 638-і жол көлік апаттарынан), миына қан құйылғандар мен жүректің ауруларынан бойынша шақырғандар - 646 тұрғын. Жатқызылғандары – 15217.