Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету мақсатында балаларға арналған инактивтендірілген вирустық гепатит «А» ауруына қарсы вакцинасын сатып алу туралы хабарландыру.

«Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы» ММ 2016 жылға Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету мақсатында балаларға арналған инактивтендірілген вирустық гепатит «А» ауруына қарсы вакцинасын сатып алу тендерін өткізу туралы хабарлайды.
Сатып алынатын, балаларға арналған инактивтендірілген вирустық гепатит «А» ауруына қарсы
вакцинасын толық сипаттамасы тендерлік құжаттарда көрсетілген.Тауарларды берудің талап
етілетін мерзімі тендерлік құжаттарда көрсетілген.
Тендерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылдың «30» қазандағы № 1729
Қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету бойынша дәрілік
заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, зарарсыздандыратын)
препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық
техниканы,фармацевтикалық қызметті сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу тәртібінің 8-9 тт.
көрсетілген біліктілік талаптарына сай келетін барлық ықтимал өнім берушілер жіберіледі.
Тендерлік құжаттаманы 2016 жылдың «03» тамызда 09.00-дан 18.00 – ге дейінгі
мерзімде мына мекен-жай бойынша: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 № 613
бөлмеде немесе medzakup@mail.ru адресі бойынша электрондық пошта арқылы алуға болады.
Тендерлік өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі 2016 жылдың «04» тамызда сағат 10.00-
ға дейін.Тендерлік өтінімдер салынған конверттер 2016 жылдың « 04» тамызда сағат 11-00-
де Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 № 630 бөлмеде ашылады.
Конверттерді ашылатын кезде өнім берушілерге қатысуға болады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8(7132) 54-09-84.