Ақтөбе облыстық мәслихатының ШЕШІМІ

Бюджеттік қаражат есебінен елді
мекеннен тыс емделуге жіберілген
Ақтөбе облысы тұрғындарының
тегін немесе жеңілдік пен жол жүруін
қамтамасызетутуралы
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9-бабы, 1-тармағының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМЕТЕДІ:
1. Медициналық көрсеткіштері бойынша елді мекеннен тыс жерлерге жергілікті бюджет есебінен емделуге жіберілген Ақтөбе облысының азаматтарына емдеу-алдын алу мекемесінің арнайы мамандандырылған комиссиясы белгіленген үлгідегі жолдама берген болса, сондай-ақ олардың атқосшыларына (бір адамнан аспау керек) дәрігерлік-консультациялық комиссия хаттамасында алып жүру жөнінде кепілдемесі болған жағдайда тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құқығы берілсін.
2. Науқастар және олардың атқосшылары республикалық медициналық мекемелерінде арнайы мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек алған жағдайда жол жүру құны төленсін.
3. Медициналық көрсеткіштер бойынша елді мекеннен тыс жіберілген науқастарға және олардың атқосшылары (бір адамнан аспау керек) теміржол және қалааралық автокөлігінде жол жүрген жағдайда жол жүру құны төленеді (екі жаққа).
4. Медициналық көрсеткіштер бойынша елді мекеннен тыс жіберілген науқастарға және олардың атқосшылары (бір адамнан аспау керек) әуе көлігі арқылы ұшатын болса және теміржол транспортымен (ұйықтайтын вагон) жүретін болса жол ақысы жартылай төленетін болады (екі жаққа), теміржол көлігінің жедел отарбаның купе вагоны билетінің құнынан асырылмайды. 5. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі емделуге жіберілген науқастар мен олардың атқосшыларының жол құнын төлесін.
6. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен бастап кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттыңсессия төрағасы
Облыстық мәслихаттың хатшысы
Ж. Мұхамбетпаизова
С. Қалдығұлова