Дәрілік заттарды, балаларға арналған инактивтендірілген гепатит А вакцинасы, фармацевтикалық қызметтерды сатып алу туралы хабарландыру

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ 2016 жылға тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, балаларға арналған инактивтендірілген гепатит А вакцинасы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алу тендерін өткізу туралы хабарлайды.
Сатып алынатын дәрілік заттардың, балаларға арналған инактивтендірілген гепатит А вакцинасы, фармацевтикалық кызметтердың саны және толық сипаттамасы тендерлік құжаттарда көрсетілген.
Дәрілік заттардың, балаларға арналған инактивтендірілген гепатит А вакцинасының жеткiзуді талап етiлетiн мерзiмдері, орны тендерлік құжаттарда көрсетілген.
Қызмет көрсету мерзімі: 2016 жылдың 31 желтоқсан айына дейін.
Тендерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылдың «30» қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, зарарсыздандыратын) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу тәртібінің 8-9 тт. көрсетілген біліктілік талаптарына сай келетін барлық ықтимал өнім берушілер жіберіледі.
Тендерлік құжаттаманы 2016 жылдың «27» сәуір айы 09.00-дан 12.00 – ге дейінгі мерзімде мына мекен-жай бойынша: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 № 613 бөлмеде немесе medzakup@mail.ru адресі бойынша электрондық пошта арқылы алуға болады.
Тендерлік өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі 2016 жылдың «28» сәуірде сағат 10.00-ға дейін.
Тендерлік өтінімдер салынған конверттер 2016 жылдың «28» сәуірде сағат 12-00-де Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 № 630 бөлмеде ашылады.
Конверттерді ашылатын кезде өнім берушілерге қатысуға болады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8(7132) 54-09-84.
mm: 
Апрель