«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттікмекемесінің Ережесін бекіту туралы

«Ақтөбе облысының денсаулық
сақтау басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 17-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары А.Т. Шерияздановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев