Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетужөніндегі қызметтер берушіні таңдау рәсімін өткізу туралыхабарлама

«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ (пошталық мекен жайы: Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы 40, электрондық мекен-жайы: аktobezdrav@mail.ru 2016 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушілерді (бұдан әрі – ТМККК көрсету бойынша қызметтер) таңдау рәсімін (бұдан әрі – рәсім) өткізу туралы хабарлайды:
Медициналық көмектің түрлері бойынша:
- білікті медициналық көмек
- мамандандырылған медициналық көмек
- медициналық-әлеуметтік көмек
Медициналық көмектің үлгілері:
- алғашқы медициналық-санитариялық көмек
- консультациялық -диагносткалық көмек
- стационарлық көмек
- стационарды алмастыратын көмек
- жедел жәрдем медициналық көмек
- санитариялық авиация көмегі
- қалпына келтіру емі және медициналық оңалту
- паллиативтік көмек және мейірбикелік күтім
Медициналық қызметтің түрлері:
- қан мен оның компоненттерін дайындау саласындағы қызмет
- денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі
- патологиялық-анатомиялық диагностика
- денсаулық сақтау саласында ақпараттық сараптау қызметі.
ТМККК көрсету жөніндегі қызметтер Ақтөбе облысы аумағында көрсетілуі тиіс.
Рәсімге қатысуға өтінімдер және нысандары densaulyk.aktobe.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан қоса берілген құжаттардың тізбесін әлеуетті қызметтер берушілер «Облыстық денсаулық сақтау басқармасы» ММ-не Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы 40, мекенжайы бойынша, № 611 кабинетке ұсынады.
Рәсімге қатысуға өтінімдерді және оларға қоса берілетін құжаттардытапсырудың соңғы мерзімі 2015 жылдың 25 желтоқсаны, жергілікті уақыт 18.00-ге дейін.
Рәсімге қатысуға өтінімдер 2015 жылы 26 желтоқсан күні, жергілікті уақыт сағат 11.00-де мына мекенжай бойынша: Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы 40, № 630 кабинетте қаралатын болады.
Қосымша ақпаратты және анықтаманы мынадай телефон арқылы алуға болады: 8 (7132) 54-34-45.