Акпарат

«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ
МКК «Ойыл аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ бас дәрігері
бос орнына ашық конкурс жариялайды:
1. Конкурс өткізу орны мен күні: Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы, «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланғаннан кейін 15 күн өткен соң.
2. Кәсіпорынның атауы, мекенжайы: МКК «Ойыл аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл ауылы, Желтоқсан көшесі,19 тел: 8 (71332) 2-10-80.
3. Негізгі қызметінің сипаттамасы: Кәсіпорынның қызмет көрсету түрлеріне байланысты облыс халқына жоғары білікті мамандырылған (стационарлық) медициналық көмек көрсету.
4. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары медициналық білімі. Денсаулық сақтау саласын ұйымдастыруда мамандығы бойынша еңбек стажы 5 жылдан кем емес тәжірибесі бар, жоғары, бірінші дәрігерлік санаты бар немесе медициналық ұйымдарын басқару менеджменті бойынша білімін жетілдірген дәрігерлер қатысуға жіберілді.
Конкурс республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында («Егемен Қазақстан», «Казахтанская правда» 29.12.2011ж. № 421-423 газеттерінде) жарияланған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18.11.2011ж. № 1353 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларын тағайындау және аттестациялау Ережесіне сәйкес өткізіледі.
5. Конкурсқа ұсынылатын құжаттар тізімі:
1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;
3. Мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған түйіндеме;
4. Еркін нысанда жазылған өмірбаян;
5. Жеке күәлік, білімі туралы құжаттар көшірмелері;
6. Еңбек кітапшасының немесе жеке шартының көшірмелері немесе соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны, босатылғаны жөніндегі бұйрықтан үзінді;
7. Денсаулық жағдайы туралы анықтама ф-086/у;
8. 3*4 үлгідегі фотосүрет.
Конкурсқа қатысушылар өздерінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби
шеберлігіне қатысты (біліктілігін көтеру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттар, ғылыми жариялымдар, бұған дейін жұмыс істеген орнының басшылығынан берілген кепілдемелер көшірмелері және т.б.) қосымша ақпараттарды бере алады.
6. Конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу көзінде төмендегідей заңнамаларды білу деңгейі тексеріледі:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы;
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы және ерекше бөлімдері);
3. «Денсаулық сақтау жүйесі және халық денсаулығы туралы» ҚР Кодексі;
4. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңы;
5. Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Заң
күші бар Жарлығы;
6. ҚР «Еңбек Кодексі»;
7. Осы кәсіпорынның қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері;
Сондай - ақ мемлекеттік басқару органы бекіткен кәсіпорынның басшысын
біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулығының негізінде конкурсқа қатысушылардың кәсіби білімі анықталады.
Конкурсқа қатысуға өтініштер қабылдау мерзімі 30.04.2015 жылға дейін.
7. Құжаттар төмендегідей мекенжай бойынша қабылданады: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 үй, № 614 бөлме, тел: 56-49-92. Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының Кадр жұмысы және мемлекеттік құпияларды сақтау бөлімі.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.