«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы меже

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы меже
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей аурудың алдын алу, болдырмау және оны дер кезінде анықтау, ақпараттық жұмыстарды күшейту,скринингтік зерттеулерді өрістету мақсатында Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы бойынша 28 емдеу мекемесінде еңбек ететін ақ халаттылар да еңбектенуде. Материалдық-техникалық базаның бұрын-соңды болмаған деңгейде жақсарып, жабдықталуы, оның үстіне алдыңғы қатарлы елдердің озық тәжірибесін үйренуге мүмкіндіктің жасалғаны отандық дәрігерлердің де кәсіби белсенділігін арттырды. Бұл күндері көптеген күрделі ота, тіпті, дене мүшелерін ауыстыру сияқты медицинаның тың саласы да игерілді. Мұндай ем-домға мұқтаж болған сырқат жандар облыс орталығынан ұзамай квота арқылы қол жеткізе алады. Бұл санамалап шыққан артықшылықтың барлығы да «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде атқарылып отырған шаруалар мен жетістіктер. Елбасының «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауында әрбір қазақстандықтың денсаулығы қалыпты болуына және оларға қажетті медициналық қызмет көрсету сапасының талаптан түспеуі үшін нақты салалық тапсырмалар берілді, оны орындау мақсатында жұмыс жасаудамыз. Ел қазынасынан бөлінген қомақты қаражатқа республиканың барлық аймақ, аудандарында инновациялық технологияның соңғы жетістіктері болып саналатын медициналық аппаратуралар кең қолданылып отыр. Соның нәтижесінде жұмыс сапасының көрсеткіші де жоғарылады.
Біздің аурухана соңғы үлгідегі жаңа медициналық аппаратуралармен, қондырғылармен қамтамасыз етілді. Хирургия саласына оттегілік концентратор, РО – 6, ФАЗА – 21 (Россия) және ИЗА (Израиль) жасанды тыныстау және наркоз беретін аппаратуралар, керуетке қондырылатын мониторлар, қан плазма сақатайтын арнайы тоңазытқыштар және оларды ертетін аппараттар алынды. Перзентхана бөліміне фетальды монитор(ТСМ-4)-2шт, доплер анализаторы, анестезиологиялық монитор, интубациялық аппарат ИВЛ (балалардыкі- SLE 5.000-1 SLE 2.000-1шт) диатермикалық электрокоагулятор, кольпоскоп, жасанды тыныстау аппаратурасы, нәрестелерге арналған кювездер және дәріні өлшеммен беретін инфузомат қойылды. Мұндағы ең басты мақсат-ана өлімі мен сәби шетінеуін азайту және мүлдем бодырмау. Барлық материалдық мүмкіндік пен білім және біліктілікті қолданып ананы да, баланы да аман сақтап қалу.
Бағдарлама аясында салауатты өмір салтын қалыптастыру және әлеуметтік аурулар деңгейін төмендету, дұрыс тамақтану, жасөспірімдер мен мектеп оқушыларының денсаулығы, төтенше жағдайлар кезінде шұғыл медициналық құтқару қызметін жолға қою секілді өзге де мәселелер қамтылады. Қазіргі күні ауданда осы бағыттағы жұмыстарға баса назар аударылуда. Әсіресе, соңғы жылдары жиі кездесетін инфаркт, инсульт, қант диабеті, туберкулез ауруларының алдын алу шаралары күшейтілді. Ана мен бала денсаулығы да басты назарда.
Бағдарламада атап көрсетілгендей, аурудың алдын алу үшін, тұрғындар өз денсаулығын уақытылы тексертіп тұрғаны жөн, сонда ауру белгісі ерте анықталады, емдеуге мүмкіндік мол. Осы мақсатта да аудандық емхана заманауи құрылғылармен жарақтандырылды. Мысалы, емханада тұрғындар денсаулығын тексеру үшін соңғы үлгідегі флюростационарлық сандық аппараты, арнайы офтальмологиялық аппарат та қалтқысыз қызмет етіп тұр. Бұған қоса екі УАЗ автокөлігі мен екі реанимобиль де жұмыс сапасын ерекше арттырды, әсіресе, шалғай елді-мекендердегі тұрғындар үшін бұл ерекше оңды жаңалық болғаны анық. Барлық мекеме телефон желісімен, ал, Қарабұтақ, Әйке, Талдысай дәрігерлік амбулаториялары және аудандық аурухана әлемдік ғаламтор желісіне қосылған. Сөйтіп, аудан дәрігерлері әлемдік медицина жаңалықтарымен, есмдеу, сауықтыру жұмыстарының жетістіктерімен таныса алады. Республика және облыс орталықтарында жүзеге асқан жаңа тәжірибе туралы да жедел хабардар болып, ақпарат алмаса алады. Мемлекеттік «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының аясында жыл сайын «Денсаулық жолы» атты республикалық акциясы ұйымдастрылатын болды. Оның мақсаты ауыл тұрғындарын профилактикалық тексеруден өткізіп, мамандандырылған медициналық көмектің қол жетімділігін арттыру. Құрамында жоғары білікті маман-дәрігерлер бар, әсіресе, көз, құлақ, мұрын және балалар аурулары сияқты ауыл халқының қолына көп «түсе» бермейтін дәрігерлер топтасқан бұл «Денсаулық жолы» акциясы шалғай елді мекендегі 853 ауыл тұрғынын кешенді медициналық тексерумен қамтамасыз етті. Нәтижесінде түрлі ауру белгілерімен 117 сырқат анықталынып, олар толық тексерілу және емделу үшін аудандық ауруханаға жолданды. - Жас ұрпақты есірткі, ішімдік, темекі сияқты зиянды әдеттерден сақтандыру бүгінде өзекті мәселеге айналып отыр. Күнделікті өмірде орын алып жүрген үлкенді-кішілі қылмыстардың дені осы ішімдік пен есірткінің салдарынан болатынын біз жақсы білеміз. Әркез осыны ескеріп отыратын біздің медицина қызметкерлері жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауда бірсыпыра жұмыстар жүргізді. Аудан бойынша жастардың арасында түрлі байқаулар ұйымдастырылды. Біздің бұл бағыттағы жұмыстарымызды аудандық ішкі саясат бөлімі де қолдап отырады.Туберкулездің алдын алу туберкулезді дер кезімен, уақытымен диагностикалау және емдеудің толық курсы аяқталғанға дейін емдету болып табылады.Осы мақсатта сәби туылған кезде, міндетті түрде, БЦЖ вакцинациялауу (егілу) және 6-7 жаста ревакцинациялау жүргізіп, БЦЖ ағзаны милиарлық туберкулездің және туберкулез минингитінің ауыр түрлерінен сенімді қорғайдыдығы ұдайы халыққа түсіндіріліп,санитарлық ағарту жұмыстары жүргізіліп отырады. Аурулардың алдын алу мақсатында аудандық ауруханаға, емханаға келген әрбір науқасқа әңгіме, кеңестер беріледі,емхана холлінде ұдайы бейне таспа көрсетіледі . Салауатты өмір салтын насихаттау, аурулардың алдын-алу үшін үгіт-насихат жүргізу, нашақорлықтың, темекі шегушілік, маскүнемдікті сияқты жағымсыз әдеттерден арылу жолдары жайында дәрістер оқылып, тренинг сабақтар жүргізілді. Мектеп оқушылары, мұғалімдер және ата-аналар арасында қимыл белсенділігін арттыру, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, тұрмыста және жолда қауіпсіз жүріп-тұру, сөйтіп, салауатты өмір салтын қалыптастырып денсаулыққа жауапкершілікпен қарау психологиясын қалыптастыру мақсатында барлық аудан мектептерінде денсаулық сабақтары өткізілді. Аудан халқына қызмет ететін дәрігер-мамандармен қамту 10000 мың адамға шаққанда -15,7 %0 келеді, ал, орта буын медицина қызметкерлері 10 мың тұрғынға шаққанда –57,0 пайызды құрайды. Дейтұрғанмен, ауданға қазіргі таңда жалпы тәжірбелі 6 дәрігер жетіспейді, кадр сұранысы жергілікті жоғарғы оқу орынына тапсырыс арқылы жеткізілді. Маман-дәрігерлермен елді-мекендердегі медпункттер мен амбулаторияларды қамту үшін ойластырылған «Дипломмен ауылға» акциясы да дер кезінде және орайлы ұйымдастырлыған шара болды. Оның жемісін күнделікті жұмыста көріп те келеміз. Акция шеңберінде Әйтеке би ауданына 4-жас маман (жалпы тәжірбелі дәрігер, хирург, акушер гинеколог) жолдамамен жұмысқа келген болатын. Оларға пәтер беріліп, әрбір жас маманға 70 айлық көлемінде әлеуметтік көтерме жәрдем ақы төленді. Ал, бұған қоса облыс әкімінің 2млн т. гранты да бөлінді. Екі жас маманға үй сатып алу үшін пайызсыз бюджеттік несие төленді. Сонымен бірге, оқу бітіріп келген орта буын медицина мамандарына да 70 айлық көлемінде жәрдем ақы төленді. «Дипломмен ауылға» акциясы жергілікті билік пен сала жетекшілері арасында үйлестіру тетігі оңтайлы шешілген ауқымды шара.
2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасында ана мен баланың денсаулығын қорғау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып белгіленді. Әйтеке би ауданында дәрігерлік есеп бойынша әйелдердің жалпы саны -12598, оның ішінде бала тууға қабілетті әйелдер саны -6224, есепте тұратын жүкті әйелдер саны -540 (2013 ж-471),оның ішінде 12 жетіге дейін есепке алынғандары -410 (87 пайыз),(2013 ж-414 - 76,4пайыз)). Терапевтпен қаралғаны -540 (2013 ж-471). Аудан бойынша босанған әйелдер саны – 486, (2013ж -493.) 2014 ж аудан бойынша туу көрсеткіші – 486 бала – 18,6% (2013ж –493-19,3). Табиғи өсу көрсеткіш 2014 ж –12, 2%, (2013ж – 13,2 %) 1 жасқа дейінгі балалар өлім көрсеткіші- 2- (4.1%) бала- (тірі туылған 1000 балаға шаққанда) - (2013ж –7 - 14,5% ). —Ана мен бала денсаулығын қорғау мақсатындағы бағыттағы жұмыстарды жүйелі жүргізу үшін аудандық емдеу мекемелерінің мүмкіндіктері жеткілікті. Қазір аудандық емханада «Дені сау бала» кабинеттері жұмыс істейді. Біздің аурухана бойынша ана мен бала денсаулығын қорғау тақырыбында түрлі семинарлар өтеді. Оның ішінде отбасын жоспарлау, жүкті әйелдердің гигиенасы, сәбиді ана сүтімен қоректендіру, қыз балалар тәрбиесі тақырыптары бойынша өзекті мәселелер сөз болады. Оның ішінде жүкті аналарға айрықша назар аударылады.
Сүт безі қатерлі ісігіне қатысты түсіндіру жұмыстарын жиі жүргіземіз. Мәселен, аталған сырқат көбіне репродуктивті жастағы әйелдер арасында көп кездеседі. Сондай-ақ бауыр, жатыр қосалқылары мен қалқанша безі аурулары сүт безі ауруының пайда болуын күшейтеді. Сонымен бірге бұрын босанбаған, бір-ақ рет босанған немесе бала емізбеген, түсікті жиі жасатқан әйелдердің мұндай сырқатқа шалдығу қаупі жоғары.
Скринингтік тексерудің ең басты мақсаты қатерлі ісік ауруын ерте сатысында анықтау және емдеу болып табылады. Осы мақсатта жүргізілген тексеру барысында қатерлі ісік ауруы бойынша – 26 адам есепке алынды, ал, туберкулез ауруының белгісі анықталған – 20 науқас тіркелді. Флюорографиялық тексеруден халықтың – 91 % өтті, оның ішінде жылжымалы флюорографиялык тексерумен 4116 тұрғын қамтылған. Бактериоскопиялық тексерілу жұмысының тиімділік пайызы –4,1-ке жетті. Құрайлы мектеп интернатына -7 оқушы жолдама алды.
ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің № 786 және 726 бұйрыктарына сәйкес тұрғындарды тегін дәрі-дәрмекпен қамту мақсатында барлығы – 31млн 935 тг қаржы жұмсалды. Соның нәтижесінде, 319 дана «Ана мен бала» қобдишасы үлестіріліп, 1 жасқа дейінгі балаларға 1млн 820 598 теңгенің сүт және дәрілері таратылды. Сонымен қатар, тегін дәрі-дәрмекпен қамтылғандар қатарында фертильді жастағы әйелдер, психикалык аурулар, эндокринологиялык аурулар, қатерлі ісік аурулары, демікпе сияқты әлеуметтік маңызды топтағы тұрғындар бар. Қазіргі күні амбулаторлы жағдайда дәрі алатындардың саны өсіп отыр. Ақысыз дәрі –дәрмектермен қамтамасыз ету ҚРДСМ-нің №786 04.12.2011ж бұрығына сәйкес жүргізіледі.Мемлекеттік бағдарлама бойынша аудан бойынша стационарлық керуеттер саны 2014 жылы –61 болды. Ауруханада жатып емделетін сырқаттар сол стандарттарға сай, белгіленген өмірлік маңызды дәрі-дәрімектер тізіміне сәйкес, қажетті дәрілермен тегін қамтамасыз етіледі. Соңғы жылдары стационарды алмастыратын технологиялардың дамуына байланысты амбулаториялық – емханалық ұйымдардың жанындағы күндізгі стационарда емделген сырқаттардың саны өсті. мысалы, 2014 жылы олардың саны -2147-ге жетті. Дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлау оң жолға қойылған. Республикалық ғылыми зерттеу орталығында анестезиолог- реаниматолог мамандығы бойынша білімін жетілдіру арқылы қайта даярлаудан өтті. Іс-тәжірибесі мен біліктілігі артқан мамандарға сараланған еңбекақы төленіп, бұл тәсіл қазіргі уақытта учаскелік орта буын медицина қызметкерлеріне де қолданылуда. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыра отырып, аудан дәрігерлері 2015 ж. орталық аурухананың емхана бөлімін,асхана,кір жуатын бөлімдеріне күрделі жөндеу жүргізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, мұндай жұмыстар Құмқұдық,Аралтоғай дәрігерлік амбулаторияларында және Жамбыл,Аралтөбе медициналық пункттерінде жасалады деп күтілуде.
Ж. Қамбаров,
Әйтеке би аудандық ауруханасының бас дәрігері, Әйтекеби ауданы