ШЖҚ «Ойыл орталық аудандық ауруханасы» .

Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2050 жылға дейін медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға, қызмет түрлерінің бірыңғай стандарттарын енгізуге, емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуына баса назар аударды .Негізгі басымдықтарды да атап көрсетіп берді. Денсаулық саласының қызметкерлері алдағы уақытта өз жұмыстарын аталмыш Стратегия қағидаларына негіздей отырып, жүзеге асыратыны анық.
Ойыл ауданы бойынша 2014 жылы барлығы – 18953 тұрғын бар.
ШЖҚ «Ойыл орталық аудандық ауруханасы» МКК-ң көрсететін медициналық көмек түрлері
ШЖҚ«Ойыл орталық аудандық аурухансы» МКК –жедел және жоспарлы тәртіпте жұмыс істейін мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге арналған 60 жатын орынды көпсалалы және ауысымда 200 адам кабылдайтын емханасы бар аурухана.
Кәсіпорын құрамына Саралжын ДА, Жетікөл ДА, Жекенді ДА, Құрман ДА, Берсиев ДА, Қайынды ДА кіреді және халыққа қызмет етеді.
Кәсіпорын міндеті:
халыққа диагностика мен емдеудің қазіргі кездегі әдістерін қолдана отырып, сапалы және мамандандырылған медициналық көмек көрсету;көрсетілетін медициналық қызметтерді жоғарғы сапамен қамтамасыздандыру;кадрлық стратегия, кәсіпорынның беделі мен корпоративті мәдениетті қалыптастыру жолымен қызметкерлерді даярлау.
ШЖҚ «Ойыл орталық аудандық ауруханасы» МКК келесі қызметтерді көрсетеді:
1. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне (ТМККК) :
Стационарлық медициналық көмек (жалпы терапия, педиатрия, хирургия, инфекциялық, акушерлік және гинекология);Жедел медициналық көмек;Күндізгі стационарда және үйдегі стационарда алғашқы медико-саниитарлық көмек;Алғашқы медико-санитарлық көмек учаскелік терапевт, педиатр, акушер-гинеколог, жалпы тәжірибедегі дәрігер, медбике (учаскелік және жалпы тәжірибедегі),акушерлермен көрсетіледі;Мамандандырылған медициналық көмек салалық мамандар (эндокринолог, невропатолог, психиатр, жұқпалы ауру дәрігері, хирург, травматолог, отоларинголог, офтальмолог, фтизиатр, онколог, нарколог, стоматолог, дерматолог);Клинико-диагностикалық зертхана жұмыс істейді, құрамыда білікті дәрігерлер мен зертханашылар жұмыс атқарады;Ультрадыбыстық, Рентгенологиялық, Флюорографиялық диагностика жасау үшін заманауи жабдықтармен жасақталған. Электрокардиография жүргізіледі;Қалпына келтіру емі Физиотерапевт кабинеті физиотерапевттік емдеу (электрофорез, УВЧ, ультрадыбыстық ингалятор, небулайзер, УФО, амплипульстерапия аппаратымен) жабдықталған.
ШЖҚ «Ойыл орталық аудандық ауруханасы» .