Әйтеке би аудандық ауруханасы

Біздің аурухана соңғы үлгідегі жаңа медициналық аппаратуралармен, қондырғылармен қамтамасыз етілді. Хирургия саласына оттегілік концентратор, РО – 6, ФАЗА – 21 (Россия) және ИЗА (Израиль) жасанды тыныстау және наркоз беретін аппаратуралар, керуетке қондырылатын мониторлар, қан плазма сақатайтын арнайы тоңазытқыштар және оларды ертетін аппараттар алынды. Перзентхана бөліміне фетальды монитор(ТСМ-4)-2шт, доплер анализаторы, анестезиологиялық монитор, интубациялық аппарат ИВЛ (балалардыкі- SLE 5.000-1 SLE 2.000-1шт) диатермикалық электрокоагулятор, кольпоскоп, жасанды тыныстау аппаратурасы, нәрестелерге арналған кювездер және дәріні өлшеммен беретін инфузомат қойылды. Мұндағы ең басты мақсат-ана өлімі мен сәби шетінеуін азайту және мүлдем бодырмау. Барлық материалдық мүмкіндік пен білім және біліктілікті қолданып ананы да, баланы да аман сақтап қалу.
Бағдарлама аясында салауатты өмір салтын қалыптастыру және әлеуметтік аурулар деңгейін төмендету, дұрыс тамақтану, жасөспірімдер мен мектеп оқушыларының денсаулығы, төтенше жағдайлар кезінде шұғыл медициналық құтқару қызметін жолға қою секілді өзге де мәселелер қамтылады. Қазіргі күні ауданда осы бағыттағы жұмыстарға баса назар аударылуда. Әсіресе, соңғы жылдары жиі кездесетін инфаркт, инсульт, қант диабеті, туберкулез ауруларының алдын алу шаралары күшейтілді. Ана мен бала денсаулығы да басты назарда.
Бағдарламада атап көрсетілгендей, аурудың алдын алу үшін, тұрғындар өз денсаулығын уақытылы тексертіп тұрғаны жөн, сонда ауру белгісі ерте анықталады, емдеуге мүмкіндік мол. Осы мақсатта да аудандық емхана заманауи құрылғылармен жарақтандырылды. Мысалы, емханада тұрғындар денсаулығын тексеру үшін соңғы үлгідегі флюростационарлық сандық аппараты, арнайы офтальмологиялық аппарат та қалтқысыз қызмет етіп тұр. Бұған қоса екі УАЗ автокөлігі мен екі реанимобиль де жұмыс сапасын ерекше арттырды, әсіресе, шалғай елді-мекендердегі тұрғындар үшін бұл ерекше оңды жаңалық болғаны анық. Барлық мекеме телефон желісімен, ал, Қарабұтақ, Әйке, Талдысай дәрігерлік амбулаториялары және аудандық аурухана әлемдік ғаламтор желісіне қосылған. Сөйтіп, аудан дәрігерлері әлемдік медицина жаңалықтарымен, есмдеу, сауықтыру жұмыстарының жетістіктерімен таныса алады. Республика және облыс орталықтарында жүзеге асқан жаңа тәжірибе туралы да жедел хабардар болып, ақпарат алмаса алады. Мемлекеттік «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының аясында жыл сайын «Денсаулық жолы» атты республикалық акциясы ұйымдастрылатын болды. Оның мақсаты ауыл тұрғындарын профилактикалық тексеруден өткізіп, мамандандырылған медициналық көмектің қол жетімділігін арттыру. Құрамында жоғары білікті маман-дәрігерлер бар, әсіресе, көз, құлақ, мұрын және балалар аурулары сияқты ауыл халқының қолына көп «түсе» бермейтін дәрігерлер топтасқан бұл «Денсаулық жолы» акциясы шалғай елді мекендегі 853 ауыл тұрғынын кешенді медициналық тексерумен қамтамасыз етті. Нәтижесінде түрлі ауру белгілерімен 117 сырқат анықталынып, олар толық тексерілу және емделу үшін аудандық ауруханаға жолданды.
2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасында ана мен баланың денсаулығын қорғау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып белгіленді. Әйтеке би ауданында дәрігерлік есеп бойынша әйелдердің жалпы саны -12598, оның ішінде бала тууға қабілетті әйелдер саны -6224, есепте тұратын жүкті әйелдер саны -540 (2013 ж-471),оның ішінде 12 жетіге дейін есепке алынғандары -410 (87 пайыз),(2013 ж-414 - 76,4пайыз)). Терапевтпен қаралғаны -540 (2013 ж-471). Аудан бойынша босанған әйелдер саны – 486, (2013ж -493.) 2014 ж аудан бойынша туу көрсеткіші – 486 бала – 18,6% (2013ж –493-19,3%) Табиғи өсу көрсеткіш 2014 ж –12, 2%, (2013ж – 13,2 %) 1 жасқа дейінгі балалар өлім көрсеткіші- 2- (4.1%) бала- (тірі туылған 1000 балаға шаққанда) - (2013ж –7 - 14,5% ). —Ана мен бала денсаулығын қорғау мақсатындағы бағыттағы жұмыстарды жүйелі жүргізу үшін аудандық емдеу мекемелерінің мүмкіндіктері жеткілікті. Қазір аудандық емханада «Дені сау бала» кабинеттері жұмыс істейді. Біздің аурухана бойынша ана мен бала денсаулығын қорғау тақырыбында түрлі семинарлар өтеді. Оның ішінде отбасын жоспарлау, жүкті әйелдердің гигиенасы, сәбиді ана сүтімен қоректендіру, қыз балалар тәрбиесі тақырыптары бойынша өзекті мәселелер сөз болады. Оның ішінде жүкті аналарға айрықша назар аударылады. Сүт безі қатерлі ісігіне қатысты түсіндіру жұмыстарын жиі жүргіземіз. Мәселен, аталған сырқат көбіне репродуктивті жастағы әйелдер арасында көп кездеседі. Сондай-ақ бауыр, жатыр қосалқылары мен қалқанша безі аурулары сүт безі ауруының пайда болуын күшейтеді. Сонымен бірге бұрын босанбаған, бір-ақ рет босанған немесе бала емізбеген, түсікті жиі жасатқан әйелдердің мұндай сырқатқа шалдығу қаупі жоғары.
Скринингтік тексерудің ең басты мақсаты қатерлі ісік ауруын ерте сатысында анықтау және емдеу болып табылады. Осы мақсатта жүргізілген тексеру барысында қатерлі ісік ауруы бойынша – 26 адам есепке алынды, ал, туберкулез ауруының белгісі анықталған – 20 науқас тіркелді. Флюорографиялық тексеруден халықтың – 91 % өтті, оның ішінде жылжымалы флюорографиялык тексерумен 4116 тұрғын қамтылған. Бактериоскопиялық тексерілу жұмысының тиімділік пайызы –4,1-ке жетті. Нәтижесінде, «Шағала» санаториясына – 29 оқушы. Құрайлы мектеп интернатына -7 оқушы жолдама алды.
Ауданда халыққа медициналық көмектің қол жетімді болуы үшін қолға алынған іс-шаралар айтарлықтай нәтижесі болды. Соңғы жылдары тұрғындарды дәрі-дәрмекпен тұрақты және жеткілікті қамту қоры жасақталды. ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің № 786 және 726 бұйрыктарына сәйкес тұрғындарды тегін дәрі-дәрмекпен қамту мақсатында барлығы – 31млн 935 тг қаржы жұмсалды. Соның нәтижесінде, 319 дана «Ана мен бала» қобдишасы үлестіріліп, 1 жасқа дейінгі балаларға 1млн 820 598 теңгенің сүт және дәрілері таратылды. Сонымен қатар, тегін дәрі-дәрмекпен қамтылғандар қатарында фертильді жастағы әйелдер, психикалык аурулар, эндокринологиялык аурулар, қатерлі ісік аурулары, демікпе сияқты әлеуметтік маңызды топтағы тұрғындар бар. Қазіргі күні амбулаторлы жағдайда дәрі алатындардың саны өсіп отыр. Ақысыз дәрі –дәрмектермен қамтамасыз ету ҚРДСМ-нің №786 04.12.2011ж бұрығына сәйкес жүргізіледі.Мемлекеттік бағдарлама бойынша аудан бойынша стационарлық керуеттер саны 2014 жылы –61 болды. Ауруханада жатып емделетін сырқаттар сол стандарттарға сай, белгіленген өмірлік маңызды дәрі-дәрімектер тізіміне сәйкес, қажетті дәрілермен тегін қамтамасыз етіледі. Соңғы жылдары стационарды алмастыратын технологиялардың дамуына байланысты амбулаториялық – емханалық ұйымдардың жанындағы күндізгі стационарда емделген сырқаттардың саны өсті. мысалы, 2014 жылы олардың саны -2147-ге жетті. Дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлау оң жолға қойылған. Республикалық ғылыми зерттеу орталығында анестезиолог- реаниматолог мамандығы бойынша білімін жетілдіру арқылы қайта даярлаудан өтті. Іс-тәжірибесі мен біліктілігі артқан мамандарға сараланған еңбекақы төленіп, бұл тәсіл қазіргі уақытта учаскелік орта буын медицина қызметкерлеріне де қолданылуда. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыра отырып, аудан дәрігерлері 2015 ж. орталық аурухананың емхана бөлімін,асхана,кір жуатын бөлімдеріне күрделі жөндеу жүргізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, мұндай жұмыстар Құмқұдық,Аралтоғай дәрігерлік амбулаторияларында және Жамбыл,Аралтөбе медициналық пункттерінде жасалады деп күтілуде.
Ж. Қамбаров,
Әйтеке би аудандық ауруханасының бас дәрігері, Әйтекеби ауданы