ШАЛКАР ЦРБ

Ең басты байлық-адам денсаулығы
Әрбір адамның денсаулығы оның толыққанды тіршілік етуін ғана емес, сонымен қатар оның мүмкіндіктерінің әлеуетін анықтайтын факторға айналып отыр.Халық денсаулығы жағдайының деңгейі өз кезегінде ,елдің әлеуметтік –экономикалық ,мәдени дамуына тікелей байланысты екені белгілі.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламаты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы денсаулық сақтау саласының стратегиялық басым бағыттары және іске асыру тетіктерін айқындап берді. Бағдарламаны іске асыру медициналық қызмет көрсетудің шығыны аз нысандарына өту үшін жағдай жасау,саланың профилактикалық бағыттылығын қамтамасыз ету, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Ауданда жалпы тұрғындардың саны –46316,оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар 12565----, жасөспірімдер-2352--,босануға қабілетті жастағы әйелдер саны-11082---. Қазір аудан тұрғындарына аудандық орталық ауруханасы 80 керует орнымен,күндізгі стационары 4 керуеттік, 1 аудандық емхана жанында 53 керуеттік күндізгі стационарымен ,7 дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшірлік-акушерлік пункт, 20 медициналық пункт медициналық көмек көрсетеді.
Аудандық денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық –техникалық базасын нығайту жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Орталық аурухана мен емхана типтік жобадағы жаңа ғимаратта орналасқан .Елді мекендердегі бірқатар дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшер-акушерлік пункттер ғимараттары жаңадан салынса, бірқатары күрделі жөндеуден өтті. 2013жылы Қауылжыр дәрігерлік амбулаториясының , 2014 жылы Шілікті елді мекенінде Тоғыз дәрігерлік амбулаторисының жаңа ғимараттары пайдалануға берілді.Медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілу пайызы жылдан-жылға өсуде. Диагностикалық тексерулерді сапалы жүргізу мақсатында ауруханада 2-рентген-диагностикалық кешен,маммографиялық аппарат,стационарлы және жылжымалы флюороаппарат,4 ультрадыбысты зерттеу аппараттары,фиброгастродуоденоскоп , эндовидеохирургиялық аппараттары,гематологиялық және биохимиялық анализаторлар және т.б диагностикалық қондырғылар кең көлемде пайдалануда.Қашықтан мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында орталық аурухана базасында 2009 жылдан бастап телемедицина орталығы жұмыс жасайды.Телемедицина орталығы арқылы облыстық,республикалық клиникалардың бейінді мамандарымен телемедициналық консультациялар өткізілді.Бұл осынша санитарлық авиация желісі бойынша шақыртулар азайғанын және экономикалық жағынан тиімді екенін көрсетеді.
2015 жылға гемодиализ аппараты пайдалануға қосылады.Ауданда 71 дәрігер,261 орта буын медицина қызметкерлері тұрғындарға қалтықсыз қызмет көрсетіп келеді. Дәрігерлердің 3—де жоғары санат, 10-да -1 санат,3-де -2 санат дәріжелері бар.Орта буын медициналық қызметкерлердің -22 де жоғары санат,10-да 1-ші санатты,21--де 2-ші санат дәрежелері бар.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша аудандық ауруханаға 2013-2014 жылда келген 5 жас маман дәрігерлерге үлкен қолдау көрсетіліп , 2-уі аудан әкімі тарапынан баспанамен қамтамасыз етілді. Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген басым бағыттарды іске асыру шеңберінде өзекті тақырыптар ,оның ішінде қан айналым жүйесі аурулары,ана мен бала өлімін төмендету,онкология аурулары, бастапқы медициналық санитарлық көмек тақырыптары бойынша --77- медицина қызметкерлері өз жұмыс салалары бойынша білім жетілдіру курстарында болды.Осы мақсатта аурухана есебінен іс сапар шығындарына ,оқу қаражаттарына 9562831 теңге жұмсалды.2014 жылы -27--дәрігер, 50 медбике білімін жетілдірді.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауының басым бағыттары «Денсаулық сақтау саласындағы басты басымдылық алғашқы санитарлық көмекті дамыту»десе,2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БСМК) қызметін реформалау жөнінде аудандық орталық ауруханасы облыс көлемінде алғашқылардың бірі болып жалпы дәрігерлік практика )ЖТД) қағидаты бойынша жұмыс жасауда.Бағдарлама аясында 19 отбасылық денсаулық орталықтарына бөлінген,оның 12-і қала бойынша,7-уі селолық елді мекендер бойынша.Сонымен қатар аурудың алдын алу және профилактикалық –психоәлеуметтік бөлім ашылды. Оның құрамына дәрігерге дейінгі қабылдау кабинеті,сынақ кабинеті,дені сау балалар кабинеті,салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинеті,егу кабинеті және әлеуметтік қызметкерлер,психологиялық қызметтер енгізілді.
Халық денсаулығының негізгі көрсеткіші демографиялық көрсеткіштер десек, аудан бойынша 2014 жылдың көрсеткіші 2013 жылмен салыстырмалы түрде ұдайы оң мәңге ие болып отыр. Туу көрсеткіші- 24,3,жалпы өлім көрсеткіші- 6,1,табиғи өсу -18,2, 1 жасқа дейінгі балалар өлімінің көрсеткіші –8,9.Былтыр ауданда ---1114 сәби дүниеге келіп демографиялық ахуалға өз үлесін қосты.Аудан емхана дәрігерлеріне жыл бойына көрінуге келген адамдар саны .-182987.
Денсаулық сақтау министрлігі№607,685, 219,145 бұйрықтары бойынша 0-17 жас балалар арасында ауруды ерте анықтау,ересектер арасында жүрек-қан тамыр ауруларын,әйелдер арасында омырау және жатыр мойны қатерліісіктерін,қант диабеті,суқараңғылық , тік және тоқ ішек ,қуық асты безінің , өңеш және асқазанның қатерлі ісіктерін ерте анықтау үшін халықтың мақсатты топтарының денсаулық жағдайын бақылау бағытында Ұлттық скринингілік бағдарлама іске асырылуда. 2014 жылғы скринингтік тексерудің қорытындысы бойынша ЖҚТА –на 8007 адам тексеріліп,оның586 адам, қант диабетінен- 8007 адам тексеріліп ,оның 44 адам ,сүт безі қатерлі ісігіне 1278 әйел тексеріліп,59 әйел,суқараңғылық бойынша -6121 адам текесеріліп7 адам, жатыр мойыны қатерлі ісігіне 1510 адам тексеріліп 59 әйел,тік және тоқ ішектің қатерлі ісігіне 3258 адам тексеруден өтіп 4 адам,асқазан ауруларының алдын алуда 6181адам текесеріліп 9 адам, қуық асты безінің қатерлі ісігінің алдын алуда 420 адам тексеріліп 26 адам «Д» есепке алынып сауықтыру жұмыстары жалғастырылуда.
Ана мен бала денсаулығы да басты назарда.Аудандық емханада «Сау балалар бөлмесі» тіркеуде тұрған әрбір баланың ата –анасы және жүкті әйелдер дәрігерлерден кеңес,емін-еркін әңгімелесуіне жағдай жасалған.
Сонымен қатар емханада «АГ және ИБС», «Диабет», «Жас аналар», «Отбасын жоспарлау», «Босануға дайындық», «Егде жастағылар», «Темекіге қарсы күрес», «Қауіп-қатер факторларымен күрес» мектептері және «Желкен»атты жастар денсаулық орталығы жұмыс жасайды.
Астана, Алматы, Ақтөбе қалаларында жоғары медициналық көмектік квота арқылы – 51 адам емделіп оралды.
Аудан халқын дәрі-дәрмекпен қамту да жыл өткен сайын жақсарып келеді, әсіресе емханалардың қамтылуы өте жақсы деңгейде. Өткен жылдын өзінде аудандық емханаға тұрғындарды дәрімен қамтамасыз ету мақсатында 50598,0 мың теңгеге жоспарланды және сол қаражат түгелге жуық игерілді.
Қаланың шет аймағында жедел жәрдем қызметінің 2-ші бригадасы жасақталып, тұрғындарға уақытылы медициналық көмек көрсетуде.
Өз ісінің шынайы шеберлері дәрігерлер халыққа қалтықсыз қызмет көрсетуде . Ең басты байлық –адам денсаулығы.Одан асқан құндылық жоқ.Сол үшін елге қызмет етеміз.
ЖШҚ « Шалқар аудандық орталық ауруханасы»МКК бас дәрігері : Жангелді .Шыманұлы.Былқайыр