Скрининг

Скрининг – арнайы жастағы тұлғаларды қауіпті факторлар мен ауруларды ерте анықтау, сонымен қатар емдеу тиімділігін арттыру мен аурудың асқынуының алдын алу үшін профилактикалық, медициналық тексеру.
СКРИНИГТЕН КЕЛЕСІ ЖАСТАҒЫ ТҰЛҒАЛАР ӨТЕДІ:
40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64 жастағы ер және әйел адамдар
- Қандағы холестерин мен қанттың, деңгейін анықтау
- Айғақтар бойынша электрокардиография
- Айғақтар бойынша дәрігер – кардиолог пен эндокринологке қаралу.
40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ер мен әйел адамдар
- Көз ішінің қан қысымын өлшеу
30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 жастағы әйел адамдар жатыр мойынның қатерлі ісігінен сауығып кету – оның сатысына байланысты. Қатерлі ісікті асқындырмай, бастапқы сатысында анықталып, уақытында емделсе, сауығу пайызы 98% құрайды, асқынған сатысында анықталса, сауығу 15% құрайды.
- Патологиялық өзгерісті болдырмау үшін жатыр мойынының сүртіндісін цитологияляқ зерттеу;
- Дәрігер акушер-гинекологқа қаралу, айғақтар бойынша кольпоскопия.
50, 52, 54, 56, 58, 60 жастағы әйел адамдар
бүкіл әлемде әйелдер арасында ісік ауруларының ішіндегі кең таралған түрі – сүт бездерінің қатерлі ісігі және өкінішке орай, әйелде уақытында қаралмай, көп жағдайда асқынған сатыларда анықталып жатыр.
- Сүт безін рентгенологиялық зерттеу (маммография);
- Айғақтар бойынша дәрігер – маммологқа, онкологқа қаралу;
50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68 және 70 жастағы ер және әйел адамдар
Тоқ ішектің қатерлі ісігі алғашқы сатысында белгілері байқатпайды, ісік көлемі үлкейгенде ғана сырқат сыр береді.
- Тоқ ішек ауруын ерте анықтауда нәтижесін жасырын қанға тестілеу;
- Айғақтар бойынша тоқ ішекті эндоскопиялық зерттеу (колоноскопия)
50, 54, 58, 62 және 66 жатағы ер адамдар* Еркек безінің қатерлі ісігінде алғашқыда белгілері байқатпайды, оны тек маман анықтай алады. Бұл ісіктің асқынған түрі – егде жастағы ер заматтардың өміріне қауіп төндіреді.
- Қуықасты безі антиген мен оның түрлеріне қан талдау;
- Дәрігер – урологқа қаралу, айғақтар бойынша ультрадыбыстық зерттеу мен биопсия.
50, 52, 54, 56, 58 бен 60 жастағы ер және әйел адамдар* Асқазанның қатерлі ісігі алғашқы сатысында анықталса және уақытында емделсе сауығып кетеді, асқынып кеткенде анықталса, нәтижесі көбіне сәтсіздікке апарып соқтыруы мүмкін.
- Асқазан және өнешті эндоскопиялық зерттеу (эзофагогастрокопия)
- Айғақтар бойынша дәрігер – гастроэнтерологқа, онкологқа қаралу.
С гепатиті анықталған ер және әйел адамдар*
- Альфа-фетопротеинге қан талдауы;
- Бауырды ультрадыбыстық зерттеу.