Ақтөбе қаласында маммологиялық орталық ашылды

Ақтөбе қаласында маммологиялық орталық ашылды.
Облыстық перинаталдық орталық негізінде Кеңестік-диагностикалық бөлімшесінде маммологиялық орталықтың ашылу салтанаты болды.Енді қаланың және аудандардан әйелдер сүт безіне қатысты маманданған маммологтардан кеңес ала алады. Мекемеде әйелдер тұрақты түрде маммографиялық тексеруден өтеді. 20 жастан асқан әйелдер жергілікті жерден жолдама алып сүт безіне қатысты толық тексеруден өте алады. Осылайша сүт безі обырын ерте сатыларында анықтап алдын алуға болады. Жылдың соңында орталыққа жетілген жаңа заманауи маммографиялық және Ультра дыбыстық аппараттар қондырылады.
Сүт безі обыры әйелдер арасында кең таралған дерт болып отыр. Жыл сайын осы ауруға ұшыраған адамдар өсуде. Көп жағдайда күйбең тірлікпен алысып әйелдер осы аурудың қауіптілігіне мән бере бермейді. Бұл дерттің қауіптілігі ауыру сезімінің болмауы және ешқандай белгі білдіртпеуінде жатыр. Жылдан жылға бұл дерт көрсеткіші өсуде. Сүт безі гормонтәуелді мүше, сондықтан гормондардың агрессиясы метастардың қан тамырымен , лимфа ағысымен басқа мүшелерге тез таралуына әкеледі. Сүт безі сыртқы мушелерге жатады, оны тексеру үшін кеуде қуысын ашудың қажеті жоқ. Солай бола тұрса да әйелдер дәрігерге ісіктің өскен кезінде қаралуға келіп жатады.Жасы 35 жастан асқан барлық әйел адам сүт безінде ауырсыну және басқа да қолайсыздық сезімі болмаған кезде де міндеттті түрде жылына 1 рет тексеріліп қаралып тұру қажет.
Қазақстанда сүт безі обыры әйелдер арасында кездесетін онкологиялық дерт ішінде бірінші орында. 2013ж ауру 100мың халыққа есептегенде 22,7% құрады, анықтап алғанда санмен 3873 сүтбезі обырының жағдайы тіркелді. Ерте сатысында анықталғандары 77%. Біздің облысымызда да сүт безі обыры өсуде, бірақ одан да өкініштісі кеш сатыларда анықталу жағдайлары басым. Орташа есеппен 170 ақтөбелік сүт безі обырымен тіркеледі. Дәрігер маммологқа келесі белгілер болса қаралуыңыз керек:
- сүт бездерінде қызару немесе бөретпенің пайда болуы;
- сүт безінен бөліністің болуы;
- сүт безінің ісінуі;
- сүт безі үрпісінің деформациясы немесе ішке тартылуы;
- сүт безінде тығыз түйіндердің табылуы;
- сүт бездерінде ауырсынудың немесе қолайсыздықтың пайда болуы.
Біздің маммологиялық орталықта төмендегідей қызмет көрсетіледі:
1. Маманданған маммологтардан сүтбезінің аурулары туралы толық мәлімет ала аласыз.
2. Орталықта ультра дыбыстық және маммографиялық зерттеу жүргізіледі.
3. Шағымдар болмаған әйелдерді алдын-алу мақсатында қарау жүргізіледі.
4. Аспирациялық және трепан биопсия.
5. Гистологиялық және цитологиялық зерттеу .
6. Баланы емізу туралы ақпарат беріледі.
7. Маммолог лактостаздың алдын алу туралы кеңес береді және оның емі жүргізіледі.
8. Ер адамдардағы гинекомастия .
9. Онкологиялық дерттің дамуына жоғары қауіптегі науқастар бақылана алады.
Қатерлі ісікке қауіп және дисгормональды сүт безінің бұзылыстары бар оперативті ем көрсетілу керек науқастар БҚММУ МО онкология бөлімшесіне әрі қарай арнайы ем алуға жолдамамен жіберіледі.
Мекен-жайымыз: Ағайынды Жұбановтар көшесі 283
Қабылдау уақытымыз: Дүйсенбі-Жұма 8:00-16:30
Сенбі 9:00-12:00.
Жолдама-жайлы және қабылдау жөнінде сұрақтармен тел 51-92-82 50 90 40 хабарласуыңызға болады.