Басқарма бастығы

Өмірбаян
Қалиев Әсет Аскерұлы 1974 жылы 1 қаңтарда Ақтөбе облысының Қобда ауданының Қарабұлақ ауылында дүниеге келдім.
- 1981- 1991 жылдар арасында Ақырап орта мектебінде білім алып, күміс жүлдемен аяқтадым.
- 1991 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтына түсіп, емдеу факультетін 1997 жылы үздік аяқтадым.
- 1997-1999 жылдар арасында госпитальды хирургия кафедрасында клиникалық ординатура өттім.
- 1999 жылы сол кафедраға аспирантураға түстім.
- 2002 жылы «Гемоплоцентосорбияның іріңді-септикалық аурулары бар науқастардың имунды статусына әсері» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғадым.
- 2002-2005 жылдар арасында Жедел дәрігерлік көмек ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқардым.
- 2005 жылдан бастап 2008 жылға дейін М.Оспанов атындағы БҚММА-ның факультеттік хирургия кафедрасында ассистент ретінде қызмет еттім.
- 2008 жылы «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің емдеу-алдын алу бөлімінің бас маманы (бас хирург) ретінде жұмысқа қабылдандым.
- 2011 жылы Басқарманың емдеу-алдын алу бөлімінің басшысы ретінде тағайындалдым.
- 2013 жылы Басқарма басшысының емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым.
- 2014 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымын атқарып келемін.
Әсет Әскерұлы Қалиев