Ереже

Облыс әкімдігінің
2008 жылғы « »__________ № ___
қаулысымен бекітілген
«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Жалпы ережелер
1. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» - азаматтардың денсаулығын сақтау бойынша, медициналық және фармацевтикалық ғылымды, медициналық және фармацевтикалық білімді, дәрі-дәрмек құралдарын ендіру жөнінде, медициналық көмек беру сапасын бақылау мен мемлекеттік реттеу қызметтерін атқаратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасына ведомствалық бағынышты ұйымдар – медициналық мекемелер бар.
2. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өз кызметінде Қазақстан Республикасы Заңдарын Қазақстан Республикасы Президенттің Жарлықтарын мен Үкіметінің қаулыларын, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің директивтік актілерін, бұйрықтарын, облыс әкімдігінің қаулылары мен өкімдерін басшылыққа алады.
3. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ заңды тұлға мәртебесі мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, банкте есеп айырысу және басқа да шоттары бар.
4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы қарамағына облыстық, қалалық және аудандық емдеу-алдын алу мекемелері, денсаулық сақтау кәсіпорындары мен ұйымдары кіреді.
5. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы азаматтық-құқықтық қарым-қатынасқа өз атынан шығады.
6. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттық саны лимиті облыстық әкімдікпен бекітіледі. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының құрылымы, материалдық-техникалық жабдықтау жағдайы денсаулық сақтау басқармасының басшысымен бекітіледі.
7. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының толық атауы – «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекеме.
8. Денсаулық сақтау басқармасы қызметін қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады.
9. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ заңды мекен-жайы:
Индекс 030010, Ақтөбе қаласы, Абылқайыр хан даңғылы 40.
2. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ
негізгі мақсаттары мен міндеттері
10. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы саласы қызметінің негізгі мақсаттары мен міндеттері:
Облыс тұрғындарының медициналық қызметтерге талабын қанағаттандыру үшін мүмкіндіктерді, облыстың өзіндік ішкі ерекшеліктеріне қарай барынша пайдалануды қамтамасыз ететін, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың үйлесімді және келісілген іс бағдарламаларын жүзеге асыру. Денсаулық сақтау саласындағы мәселелер туралы ұйымдардың, кәсіпорындардың және мекемелердің қызметтерін меншік нысанына, іедомстволық бағыныстылығына қарамастан үйлестіру.
Әлеуметтік әлсіз халықтың, оның ішінде аналар, балалар, мүгедектер мен зейнеткерлердің денсаулықтарын қорғау шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру.
Азаматтарды кепілденген көлемде тегін медициналық көмекпен қамтамасыз ету.
Көрсетілген медициналық қызметтердің сапалылығын, толықтылығын және басқа да Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау заңдарының қойылған талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауда жүзеге асыру;
Медициналық қызмет сапасын, денсаулық сақтау инфрақұрылымы және денсаулық сақтауды басқару тиімділігін көтеру.
Дәрі-дәрмек құралдарының сапалылығын, қауіпсіздігін және тиімділігін қамтамасыз ету.
Облыстық денсаулық сақтау жүйесін экономикалық және әлеуметтік даму барысында қалыптасатын, қоғамның өзгеріп түратын талаптарына, жағдайлары мен мүмкіншіліктеріне сәйкес дамыту.
Облыстың денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді республикалық, жалпы мемлекеттік және халықаралық деңгейде, қарауға ұсыну, сондай-ақ денсаулық сақтау бағдарламасының басымдығын қалалық және аудандық деңгейлерде қамтамасыз ету.
Мамандарды даярлау мен қайта даярлау жүйесін дамыту, медицина институттары мен дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру институттары мен медициналық колледждері мен бірлесе жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, денсаулық сақтау жүйесіндегі қызметкерлердің әлеуметтік құқықтарын қорғау.
«Терроризмге қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі № 416 Заңына сәйкес, Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы терроризм белгілері пайда болған кезде бастапқы медициналық көмек көрсету ережелері бойынша медициналық қызметкерлер және халыққа іс-әрекеттерді үйрету мониторингі мен бақылауды ұйымдастырады, сонымен бірге біліктікті медициналық көмек көрсету мақсатында медициналық құрылымдармен қамтамасыз етеді.
Облыстық медициналық ұйымдарының «қауіпсіздік паспорттарды» дайындауы мониторингі мен бақылау ұйымдастыру, жүзеге асыру.
Әлеуметтік маңызы бар аурулардың таралуы мен өлім-жітімді төмендету.
Санитар-эпидемиолигиялық жағдайды жақсарту және қоғамдық денсаулықтың деңгейін жоғарылату.
3. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ қызметін ұйымдастыру және негізгі атқарымдары
11. Денсаулық сақтау басқармасы оған жүктелген заңдылықты тәртіп міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес келесі атқарымдарды жүзеге асырады:
1) Стратегиялық атқарымдары:
халықтың денсаулығын сақтау саласында мемлекеттік саясаттың құрылуын және жүзеге асыруын қамтамасыз ету;
профилактикалық медициналық қарау өткізілу тәртібін дайындайды және бекітеді;
аурулардың түрін және халықтың бөлек санатының тізімі, амбулаториялық емдеудегі дәрі-дәрмек құралдарын, льготтық шарттармен және рецеппен жіберілетін ақысыз балалардың арнайы емдік тағамдарының тізімін дайындайды және бекітеді;
халықтың денсаулығын сақтау саласында аймақтық бағдарламаларды дайындайды және бекітуге береді;
денсаулық сақтау саласындағы жоспарланған (бағдарламалық) құжаттардың жобасын дайындайды;
денсаулық сақтау саласында мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жобасын дайындайды;
облыстың денсаулық сақтау бюджетіне жұмсалатын қаржы жоспарларының жобаларын белгіленген тәртіппен жасап, Ақтөбе облысының қаржы басқармасына ұсынады, баптарға сәйкес денсаулық сақтау саласының бірыңғай облыстық қорын құрады, денсаулық сақтау мекемелері мен кәсіпорындарының шаруашылық және қаржылық дербестігін нығайтуға әсерін тигізеді;
фармацевтикалық салаға мемлекеттік стандарттар және дәрі-дәрмектің жаңа модельдерін енгізіп, дәрі-дәрмек құралдарының алу мүмкіндігін және сапалылығын жоғарылату;
денсаулық сақтау ақпараттық жүйесінің дамуын қамтамасыз етіп, денсаулық сақтау ақпараттандыру деңгейін жоғарылату. Денсаулық сақтау Ұлттық орталық ақпаратты құру және телемедицинаның дамуын қамтамасыз ету.
денсаулық сақтау саласында ғылыми-зерттеудің бәсекеге жарамдылыққа жетуін және кадр жүйесінің ресурстарын өркендету;
облыстың денсаулық сақтау саласының жағдайлары жөнінде сараптамалық тексерулер жүргізіп, оның даму қарқынын анықтайды, жаңа экономикалық түрге көшу сатысында денсаулық сақтау ұйымдары, мекемелері мен кәсіпорындарының жұмыс істеуін қамтамасыз етіп бағдарламалық құжаттар дайындайды;
денсалық сақтау саласында жаңа бағдарламалар мен жүйелердің түрлерін, әдістерін кешенді сараптаулардан және тәжірибелік тексерулерден өткізіп, енгізеді. Денсаулық сақтау басқармасына қарасты мекемелер, ұйымдардың, кәсіпорындардың жұмыс жоспарларын бекітеді.
2) Іске асыру атқарымдары:
денсаулық сақтау саласында, медициналық ғылым және білімде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
денсаулық сақтау саласында, медициналық ғылым және білімде Қазақстан Республикасы заңдарының орындалуын қамтамасыз ету.
сала аралық үйлестіруді жүзеге асыру, сонымен бірге халықтың денсаулығын сақтау саласында және салауатты өмір салтын қалыптастыруда мемлекеттік, салалық (секторлық) бағдарламаны жүзеге асыру бойынша қоғамдық ұйымдарымен бірлесіп қызмет жасау;
өз құзіретіне қарай халықтың денсаулық сақтау саласында мемлекеттік, салалық (секторлық), аймақтық бағдарламарды жүзеге асыру;
денсаулықты нығайту, дені сау тұқым әкелу, аурулардың алдын-алу үшін қажетті шараларды жүзеге асыру;
белгіленген мемлекеттік стандарттардың сақталуымен, халыққа бастапқы медико-санитарлық, білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді, сонымен бірге оның ішінде айналаға қауіп төндіретін ауруларды және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу және алдын алу, кепілді көлемдегі ақысыз медициналық көмек көрсету шегінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ұйымдастыру;
заңда белгіленген тәртіппен азаматтардан келіп түскен хаттарды, арыздарды қарап, жеке мәселелермен келген азаматтарды қабылдауды жүргізеді.
денсаулық сақтау саласында медициналық және фармацевтикалық, медициналық және фармацевтикалық білімінің бағдарламаларын жүзеге асыру;
көрсетілген медициналық көмек пен медициналық қызметтің сапалылығына халықтың қанағаттандырылған деңгейін анықтау;
гигиенаға үйрету және салауатты өмір салтын насихаттау;
денсаулық сақтау саласындағы мәселелер жөнінде облыс әкімінің қаулысын, шешімдерін, өкімдерін жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;
халықтың дәрі-дәрмек құралдарына, медициналық және тағайындалған санитарлық-гигиеналық бұйымдарына қол жеткізуін қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыру;
денсаулық сақтау саласының мемлекеттік емес мекемелерінің дамуына ықпал етеді, оларды лицензиялау және лицензия өткеннен кейін бақылау жұмыстарын жүргізеді;
кадр дайындауды ұйымдастыру, олардың кәсіпкерлік деңгейін жоғарылатуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы Министрлігінің және Үкіметінің нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес медициналық ұйымдардың басшыларының аттестациялауын және қайта аттестациялауын белгіленген тәртіпте жүргізу;
мемлекеттік медициналық ұйымдардың жабдықталуын қамтамасыз ету;
жоғарғы және орта медициналық оқу орындарына, жергілікті бюджеттен қаржыландырған мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдардың клиникалық базасын ұсыну;
төтенше жағдай кезінде халыққа ақысыз медициналық көмек көрсету, дәрі-дәрмектермен және арнаулы медициналық құралдармен қамтамасыз ету;
типтік штатқа, штаттық нормативтерге сәйкес дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінің жекелеген мамандықтары бойынша, тізімдеме есебінен лауазымдарды алмастыру арқылы көбейте немесе азайта алады;
мекемелер мен кәсіпорындардың еңбекақы қорының көлемінде, арнайы-атаулы, дәрігерлер мен басқа да қызметкерлердің қосымша қызмет орындарын белгілейді;
облыстың денсаулық сақтау саласының даму барысында дербес экономикалық-шаруашылық, қаржылық саясатын жүргізеді, облыстың емдеу мекемелері мен ұйымдары, кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасын нығайту және дамыту мақсатында тапсырыс беруші бола алады, белгіленген тәртіп бойынша дәрі-дәрмектерге, құрал-жабдықтарға, мүліктерге іапсырыстарды қалыптастырып, орналастырады;
белгіленген тәртіппен құрметті атақтар, наградалар, мемлекеттік сыйлықтар беруге лайықты кандидатураларды ұсынады, денсаулық сақтау қызметкерлерін марапаттайды;
денсаулық сақтау саласы жөнінде семинарлар, конференциялар, алқа жиналыстарын, емдеу-профилактикалық кеңестерін өткізеді, әр түрлі мекемелердің, органдардың, комиссиялардың, комитеттердің халықаралық және республикалық деңгейлердегі форумдарына қатысады;
меншік нысаны және ведомствалық бағынуына қарамастан денсаулық сақтау мекемелерінің, ұйымдарының және кәсіпорындарының мемлекеттік ұйымдарының және мемлекеттік емес секторларының қызметтерін үйлестіру;
қойылған мақсаттардың және соңғы нәтижеге жетуге, жергілікті жағдайды ескере денсаулық сақтау саясатында өзгеруінің қажеттілігіне жедел түрде назар аудару;
қоршаған ортаға қауіп төндіретін аурудың және әлеуметтік маңызы бар аурулардың таралуына байланысты алдын алу шаралары туралы халыққа ақпарат беру;
азаматтардың денсаулығын қорғау бойынша қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп жұмыс жасау;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес денсаулық сақтау саласында басқа атқарымдарды жүзеге асыру.
Бақылау атқарымдары:
денсаулық сақтау стандарттарының сақталуына мемлекеттік бақылау;
денсаулық сақтау тәжірибесінде алдын алу құралдарын және жаңа әдістерінің қолдануын, диагностикалауды, емдеу және медициналық қайта қалпына келтіруді бақылау;
денсаулық сақтау субъектілері қызметін бақылау және мониторингті ұйымдастыру және жүзеге асыру;
барлық деңгейдегі медициналық көмек көрсетуде дәрі-дәрмектердің оңтайлы қолдануын бақылау;
4. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ құқығы
Денсаулық сақтау басқармасының өз міндеттерін атқаруымен қатар, мынадай құқықтары бар:
12. Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі қорларын сақтап, дамыту, оны жетілдіру үшін шаралар алуға, медициналық аппаратуралар мен құрал-жабдықтарды қалай және не үшін пайдалануды анықтауға.
13. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Үкіметінің және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің директивтік құжаттарының негізінде бұйрықтар, ережелер, шешімдер, нұсқаулар және басқа да актілер шығаруға, төменгі органдардың бұйрықтарын бұзу туралы бұйрықтар шығаруға.
14. Қазақстан Республикасының Заңдылықтарына сәйкес келмейтін, мемлекеттік басшы құрылымдар мен қызметтердің, бөлімшелердің нормативтік құжаттарын реттеу, өкімдік актілердің облыс көлемінде орындау немесе күшін жою. Үкімет органдарының мемлекеттік құрылымдары, қызметтері, бөлімшелерінің нормативтік қүжаттарын реттеу, актілерін облыс көлемінде орындауының тоқтату немесе күшін жою жөнінде облыс әкіміне ұсыныс жасауға.
15. Белгіленген тәртіппен, заңдылықтар негізінде актілер жасауға, денсаулық сақтау басқармасынде құрылымды - функционалдық бөлімшелер ашуға.
16. Денсаулық сақтау жүйесінде меншікті баспа қызметін жүргізіп, ақпаратты - анықтамалық тарату қызметін қамтамасыз ету.
5. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ қызметін басқару және оның құрылымы
17. Денсаулық сақтау басқармасын денсаулық сақтау жүйесіндегі органдарға, мекемелер мен кәсіпорындарға басшылық жасайтын бастық басқарады. Денсаулық сақтау басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес, облыс әкімінің шешімімен тағайындалады және қызметінен босатылады және бастықтың орынбасарлары бар.
18. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ бастығы:
1) денсаулық сақтау басқармасының құрылымы мен штаттық кестесін
бекітеді және өзгерістер енгізеді;
2) денсаулық сақтау басқармасының құзырына кіретін, облыстың барлық емдеу-сауықтыру мекемелер мен бөлімдеріне міндетті түрде орындайтын бұйрықтар, өкімдер мен нұсқаулар шығарады;
3) денсаулық сақтау басқармасының ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, кәсіби міндеттерін, жұмыс кестесін бекітеді;
4) денсаулық сақтау басқармасына берілетін несиелерді реттейді, шығындар сметасына, қаржы қүжаттарына қол қояды, денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлерінің еңбегіне заттай ынталандыру және ақшалай сыйлық беру шараларын белгілейді. Денсаулық сақтау басқармасының номенклатурасына қарасты басшылар мен мамандарды тағайындайды және қызметінен босатады. Аудан әкімдерінің келісімімен аудандық емдеу-сауықтыру мекемелерінің басшыларын тағайындайды.
5) жұмыс жоспарына сәйкес алқа, мәжіліс, жиналыстар өткізіп, активтер шақырады, облыста денсаулық сақтау саласын дамытудың мәселелерін талқылау жөнінде басқа да шаралар жүргізеді;
6) барлық облыстық, мемлекеттік, қоғамдық және басқа оның ішінде, халықаралық ұйымдарда, ведомстволарда, мекемелерде денсаулық сақтау басқармасының мүддесін қорғайды, әріптестермен өзара қарым-қатынас жасау, ынтымақтық жөнінде жұмыс жасау туралы келісім-шартқа қол қояды;
7) денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлеріне және номенклатураға қарайтын басшыларға тәртіптік шара қолданады.
8) Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сәйкес мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшыларымен жеке еңбек келісім-шарттарын жасайды, өзгертеді және бұзады;
9) денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен бекітілетін алқа мүшелерінің тізімін жасайды, орынбасарларын тағайындайды, олардың атқаратын міндеттерін белгілеп береді;
19. Денсаулық сақтау басқармасының құрылымы басқармалық қызметтердің толық атқарылуы үшін құрылады және құрамына қаржылардыруды, емдеу-сауықтыру жұмысын үйлестіру, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп, көрсетілетін медициналық қызметін төлеу, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және Ақтөбе қалалық денсаулық сақтау сияқты бөлімдер кіреді.
6. Денсаулық сақтау басқармасының мүлкі
20. Денсаулық сақтау басқармасының басқару құқығында оқшауланған, оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптасқан мүліктері бар және негізгі қорларымен айналымдағы қаражаттан тұратын, сондай-ақ, құны баланста көрсетілетін өзге де мүліктерден тұрады.
21. Денсаулық сақтау басқармасының мүлкі коммуналдық меншікке жатады.
22. Денсаулық сақтау басқармасы өзіне бекітілген мүліктер мен қаражатты дербес оқшаулауға немесе оларға өзге билік етуге құқы жоқ.
7. Қайта ұйымдастыру және тарату
23. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ облыс әкімінің қаулысымен қайта ұйымдастырылады немесе таратылады, облыс әкімінің аппараты мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне есеп береді.
Орындаған:
бөлім бастығы Р.Ізтлеуова