Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру

Қызметтің атауы
Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру
Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
ММ "Ақтөбе облысы психоневрологиялық диспансер", мекен-жайы: Ақтөбе қ. Самал тұйық көшесі, 14
Қызметтің тұтынушылары
Жеке тұлғалар
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы
қағаз түрінде.
Қызметтің көрсетілетін тәртібі
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2014 жылғы 20 наурыздағы №253 ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет Стандартына негізделеді.
Қажетті құжаттар
1) жеке басты куәландыратын құжат (он алты жасқа толмаған тұлғалар үшін - туу туралы куәлік); 2) заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат (кәмелетке толмағандар үшін); 3) қамқоршының жеке басын куәландыратын және қамқоршылықты растайтын құжат (әрекет етуге қабілетсіздік деп сотпен танылған тұлға үшін); 4) бекітілген халық тіркеліміне сәйкес көрсетілетін қызмет берушінің қызмет көрсету ауданында бекітілуінің болуы.
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі
анықтама.