Наркологиялық диспансерден анықтама беру

Қызметтің атауы
Наркологиялық диспансерден анықтама беру
Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
ММ "Ақтөбе облысы наркологиялық диспансер", мекен-жайы: Ақтөбе қ. Т. Ахтанова, к. 53
Қызметтің тұтынушылары
Жеке тұлғалар
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы
қағаз түрінде.
Қызметтің көрсетілетін тәртібі
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2014 жылғы 20 наурыздағы №253 ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет Стандартына негізделеді.
Қажетті құжаттар
1) жеке басын куәландыратын құжат (он алты жасқа толмаған адамдар үшін – туу туралы куәлік);
2) заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (кәмелетке толмағандар үшін);
3) қорғаншының жеке басын куәландыратын және қамқорлықты растайтын құжат (сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдар үшін);
4) бекітілген халықтың тіркеліміне сәйкес көрсетілетін қызмет берушінің қызмет көрсету ауданына бекітілуінің болуы.
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі
нарколог-дәрігер мен анықтаманы берген медициналық тіркеуші қол қойған және дәрігер мен көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен көрсетуді тіркеу журналында анықтаманы тіркей отырып расталған психоневрологиялық диспансердің анықтамасы.