Туберкулез диспансерінен анықтама беру

Қызметтің атауы
Туберкулез диспансерінен анықтама беру
Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
ММ "Ақтөбе облысы туберкулезге қарсы диспансер", мекен-жайы: Ақтөбе қ. Жамбыл, к. 1а
Қызметтің тұтынушылары
Жеке тұлғалар
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы
қағаз түрінде.
Қызметтің көрсетілетін тәртібі
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2014 жылғы 20 наурыздағы №253 ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет Стандартына негізделеді.
Қажетті құжаттар
1) жеке басын куәландыратын құжат (он алты жасқа толмаған адамдар үшін – туу туралы куәлік);
2) соңғы 12 айдың ішінде орындалған рентгенологтың қорытындысымен қоса, ал медициналық ұйымдарға, балалар мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарына жұмысқа орналасатын адамдар үшін – 1 айдан кешіктірмей рентген немесе флюорографиялық түсірімдер.
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі
фтизиатр дәрігер қол қойған, жеке дәрігерлік мөрмен және көрсетілген қызметті берушінің мөрімен тіркеу журналында анықтаманы тіркей отырып, расталған қағаз түріндегі туберкулез диспансерінен анықтама.
Туберкулез диспансерінен анықтама «Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі» деректер базасында тексеруден кейін беріледі.
Анықтаманың жарамдылық мерзімі – 10 күн.