Фармацевтикалық қызметке лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру

Қызметтің атауы
Фармацевтикалық қызметке лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру
Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган
«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, www.elicеnse.kz «Е–лицензиялау» веб-порталы
Қызметтің тұтынушылары
Заңды және жеке тұлғалар
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы
электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Қызметтің көрсетілетін тәртібі
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы» 2014 жылғы 24 ақпандағы №142 ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген.
Қажетті құжаттар
1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 2-қосымшаларға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш;
мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариалдық куәландырылған);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар;
2) лицензияға қосымшаны алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 2-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін белгіленген үлгідегі өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарға мәліметтер мен құжаттар;
3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 2-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін белгіленген үлгідегі өтініш;
лицензияны қайта ресімдеу кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төлегенін растайтын құжаттың көшірмесі;
көрсетілетін қызметті алушы қайта ресімделген лицензияны алған кезде бұрын берілген лицензияны және лицензияға қосымшаны көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады;
лицензияны қайта ресімдеу қажеттілігін растайтын құжат:
жеке тұлға тегiнің, атының, әкесiнiң атының (ол болған кезде) өзгеруі;дара кәсiпкердің қайта тiркелуі, оның атауы мен мекенжайының өзгеруі;заңды тұлғаның бiрiгу, қосылу, бөлiнiп шығу немесе қайта құрылу нысанында қайта ұйымдастырылуы;
заңды тұлға атауының және (немесе) заңды мекенжайының өзгеруі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды ауыстырған сәттен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде көрсетілетін қызметті берушіге лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін өтініш бередi;
4) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру үшін:
лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының лицензияның электрондық көшірмесін порталда «жеке кабинетте» алуға мүмкіндігі бар;
лицензия жоғалған, бүлінген кезде порталда «жеке кабинеті» болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын ала алады және көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды ұсына алады:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 2-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін белгіленген үлгідегі өтініш;
қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариалдық куәландырылған).
Порталда:
1) лицензияны алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
көрсетілетін қызметті алушының салық органында есепке қою туралы куәлік – электрондық көшірме түрінде;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар электрондық көшірмесі түрінде;
2) лицензияға қосымшаны алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
электрондық көшірме түріндегі лицензия;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар электрондық көшірмесі түрінде;
3) қайта ресімдеу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
көрсетілетін қызметті алушы қайта ресімделген лицензияны алған кезде бұрын берілген лицензияны және лицензияға қосымшаны көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады;
лицензияны қайта ресімдеу қажеттілігін растайтын құжат:
жеке тұлға тегiнің, атының, әкесiнiң атының (ол болған кезде) өзгеруі;дара кәсiпкердің қайта тiркелуі, оның атауы мен мекенжайының өзгеруі;заңды тұлғаның бiрiгу, қосылу, бөлiнiп шығу немесе қайта құрылу нысанында қайта ұйымдастырылуы;
заңды тұлға атауының және (немесе) заңды мекенжайының өзгеруі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды ауыстырған сәттен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде көрсетілетін қызметті берушіге лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін өтініш бередi.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі
дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндірумен байланысты фармацевтикалық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап болып табылады.