Жаңалықтар

16.04.2016
ДАУН СИНДРОМЫ НЕГЕ КӨП?

Бүгінгі таңда медицина саласы қанша қарыштап дамыса да, ем қонбайтын ауру түрі көп. Соның ішінде Даун синдромы секілді хромосомды аурулармен туатын балалар көп. Былтыр облыста 200-ге жуық бала түрлі ақаумен дүние есігін ашса, оның 19-ы — Даун синдромына шалдыққандар.
Генетиктердің айтуынша, аурудың алдын алудың ең тиімді әдісі — зертханалық тексеруден өту.
05.03.2016
Зика қызбасының эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы, Қазақстан Республикасының шекаралары мен аумағын аса қауіпті инфекциялардың таралуынан санитарлық қорғау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу» атты тақырыпта өткен семинар

4.03.2016 ж Семинарға жеке меншік түріне қарамастан емдеу- алдын алу мекемелерінің медицина қызметкерлері, тұтынушылардын құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері және телемедицина арқылы аудан дәрігерлері қатысты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Мамбетжанова Зика қызбасының әлемдегі эпидемиологиялық жағдайы, таралу жолдары, алғашқы белгілері туралы мәлімет берді.
04.03.2016
АҚТӨБЕДЕ СЕГІЗІНШІ РЕТ БҮЙРЕК АУЫСТЫРЫЛДЫ

Кеше облыстық клиникалық ауруханада Н. Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығының басқарма басшысы, профессор Болатбек Баймаханов бастаған хирургтар отыз жастағы ақтөбелік азаматтың бүйрегін ауыстырды.
Облыстың бас хирургі Ерлан Сұлтангереевтің айтуынша, науқас өткен жылы тіркеуге алынып, бақылауға алынған.
04.03.2016
КОРЕЯМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯДЫ

Ақтөбеде алғаш рет «ҚР аймағында органдар трансплантациялаудың дамуы» атты республикалық симпозиум өтті. Шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев және Оңтүстік Корея елінің Сеул Ұлттық университеті госпиталінің президенті Бьюнг Хи Ох пен ҚР ұлттық медицина орталығы жанындағы республикалық трансплантология орталығының басшысы, академик, профессор, медицина ғылымының докторы Жақсылық Досқалиев бастаған бір топ ғалымдар қатысты.
19.02.2016
Еліміздің батыс аймағындағы ірі медициналық кластер Ақтөбеде құрылатынынан көпшілік хабардар.

Еліміздің батыс аймағындағы ірі медициналық кластер Ақтөбеде құрылатынынан көпшілік хабардар. Қазіргі күні осы мақсатта арнайы жобалар қолға алынып, алғашқы қадам жасалып жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтың айтуынша, бұл бірнеше бағыт бойынша дамиды.
15.02.2016
2015 жылдық қорытындысы кейейтілген отырыста тыңдалынды.

2016 жылдың ақпан айының 1 жұлдызында Облыстық балалар клиникалық ауруханасында Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ә.Ә.Қалиевтің, БҚММУ кафедра қызметкерлері қатысуымен аурухана жұмысының 2015 жылдық қорытындысы кейейтілген отырыста тыңдалынды.
15.02.2016
Мамандармен кездесуі .

2016 жылдың 9 ақпанында Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың 2015 жылғы 23 желтоқсандағы  денсаулық сақтау саласындағы мамандармен кездесуі бойынша.
01.02.2016
БАУЫРЫНА БАУЫРЫН БЕРДІ.

Батыс аймағы бойынша алғаш рет Ақтөбеде бауыр трансплантациясы жасалды. Облыстық клиникалық ауруханада Сеул ұлттық университетінен келген профессор К. Ли және ҚР ұлттық медицина орталығы жанындағы республикалық трансплантология орталығының басшысы, академик, профессор, медицина ғылымының докторы Жақсылық Досқалиев бастаған ақтөбелік хирургтар 38 жастағы әйелдің бауырын ауыстырды.
28.01.2016
БАУЫРЫНА БАУЫРЫН БЕРДІ.

Батыс аймағы бойынша алғаш рет Ақтөбеде бауыр трансплантациясы жасалды. Облыстық клиникалық ауруханада Сеул ұлттық университетінен келген профессор К. Ли және ҚР ұлттық медицина орталығы жанындағы республикалық трансплантология орталығының басшысы, академик, профессор, медицина ғылымының докторы Жақсылық Досқалиев бастаған ақтөбелік хирургтар 38 жастағы әйелдің бауырын ауыстырды.
19.01.2016
Оперативті жиыны өткізілді.

Облыс әкімінің денсаулық сақтау қызметкерлерімен кездесуінде берген тамсырмаларды орындау мақсатында үстіміздегі жылғы қаңтардың 13 күні басқарманың оперативті жиыны өткізілді..Жиынға Облыс әкімінң орынбасары А.Шериязданов, емдеу мекемелерінің басшылары, аудандық емдеу  мекемелерінің басшылары (селекторлық режимде қосылды) қатысты.
19.12.2015
КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК

«Қолыммен көремін, қолыммен сеземін» деп аталатын: мүгедектердің массаж орталығының ашылу рәсімі 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған. Бұл салтанатқа Оның облыстық мәслихаттың хатшысы-С.Қалдығұлова, қала әкімі-Б.Сағын, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы-Ә.Қалиев және мүгедек сәбилер мен инклюзивті білім алушылар, емдеу мекемелерінің жетекшілері, колледж ұжымы қатысты.
15.12.2015
Стоматологиялық кабинеттер ашылды

«Мектептердегі стоматологиялық кабинеттерді дәрігер-стоматологтармен, жұмысқа қажетті құрал-жабдықпен және құрал-саймандармен қамтамасыз ету» туралы тұрғындар денсаулығын қорғау жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесінің 31.07.2015 жылғы қаулысы бойынша келесі мектептерде стационарлық стоматологиялық кабинеттер ұйымдастыру жүргізілді.
26.11.2015
ЖАҢА ЖҮЙЕ, САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ

Қаламыздағы емханаларға электронды кезек жүйесі енгізіліп жатыр. Әзірге аталған жүйе бойынша №1 және №3 емханалар жұмыс істейді. Жаңа жүйенің тиімділігі туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтан сұрап білген едік.
20.11.2015
ТУБЕРКУЛЕЗДІ ЕМДЕУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛІ

Облыста туберкулезді емдеудің жаңа әдісі қолға алынды. Бұл пилотты жоба республика бойынша алғаш рет біздің өңірде басталып отыр. Облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бас дәрігері Ерлан Тәтімовтың айтуынша жаңа тәсілдің тиімділігі көп.
20.11.2015
ЖҮКТІЛІКТІ ЖОСПАРЛА!

Соңғы кезде елімізде кәмелеттік жасқа толмаған қыздардың жүкті болуы жиі кездесетін құбылысқа айналды. Ресми деректерге сүйенсек, биыл облыста 15-16 жас аралығындағы 159 жасөпірім жүкті болып, оның 74-і өмірге сәби әкелген.

Беттер