Жаңалықтар

15.01.2018
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасы негізінде бүгін Шалқар ауданына іс сапармен Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Г.Ш Мамбетжанова келді.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасы негізінде бүгін Шалқар ауданына іс сапармен Облыстық білім бөлімінің басшысы Л.А Уразбаева мен Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Г.Ш Мамбетжанова келді.
Шалқар ауданыны әкімшілік ғимаратында білім басқармасының басшысы Л. А. Уразбаева және Денсаулық сақтау Басқармасы басшысының орынбасары Г. Ш. Мамбетжанова аудан тұрғындарымен қабылдау жүргізді .Күні бойы аудан тұрғындары денсаулык мәселелеріне қатысты сұрақтарын қойды.
15.01.2018
«Денсаулық шақырымдары!»

2018 жылдың 10 қантар күні Халықтың назарын салауатты өмір салтын ұстануға аудару мақсатында медицина қызметкерлері арасында «Денсаулық шақырымдары!» атты ұранмен шаңғы жарысы ұйымдастырылды. Шара аясында «Дене белсенділігі сағаты», ерлер мен әйелдерге бөлек шаңғы жарысы ұйымдастырылды.
04.01.2018
Ақтөбе медициналық орталығында өткен балалардың жаңа жылдық мерекесі!

Жаңа жыл қарсаңында Ақтөбе медициналық орталығы құрамына кіретін медицина мекемелерімен бірлескен алғашқы жұмыс қорытындысы жүргізілді, тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын әріқарай жақсартуға бағытталған келесі жылға жоспарлар құрылды.
29.12.2017
Жетім балалар арасында қаракөздеріміздің көптігі жүрек ауыртады - Сапарбаев

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Үміт» сәбилер үйінің ұжымы мен балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ақтөбе қаласындағы «Үміт» сәбилер үйіне облыс әкімі Бердібек Сапарбаев барып, балалар ұжымын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Мұнда қазір 55 бала тәрбиеленіп жатыр. Балаларға медициналық ем көрсетіледі, оңалту жұмыстары жүргізіледі. Барлығы 23 баланы ата-анасы уақытша тапсырған. Ал 11-і - тастанды.
27.12.2017
«Салауатты өмір салты негіздері»

2017 жылдың 26 желтоқсанында Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжінің студенттері арасында «Салауатты өмір салты негіздері» атты тақырыпта семинар тренинг өткізілді. Іс шара аясында студенттерге темекішегушіліктің алдын алу, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі туралы сұрақтар талқыланды.
23.12.2017
Жасөспірімдердің жыныстық денсаулық мәселелері бойынша жиналыс

2017 жылдың 22 желтоқсан күні Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәжіліс – залында ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі басшы орынбасарының төрағалығымен және Қазақстандағы ЮНПФА үйлестірушісінің қатысуымен Жасөспірімдердің жыныстық денсаулық мәселелері бойынша жиналыс өтті.
22.12.2017
Репродуктивті денсаулық туралы!

2017 жылдың 20 желтоқсан күні Қазақстан Респубдиасы ІІМ Ақтөбе заң институтының студенттері арасында «Арасан» жастар денсаулық орталығының психологі, Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен жастар ресурстық орталығы мамандары репродуктивтік денсаулықты сақтау және қорғау,барлық жыныстық жолмен жұғатын жұқпалы аурулар және салауатты өмір салтын ұстану ережелері туралы кеңес берді.
22.12.2017
Жоғарғы сынып оқушыларына зиянды әдеттер туралы

2017 жылдың 21 желтоқсан күні «Арасан Ақтөбе» ЖШС-ң валеологтары мен Облыстық нарологиялық диспансердің мамандары №4 орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары арасында қауіпті мінез-құлық факторларының алдын алу тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
20.12.2017
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 324 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 324 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
20.12.2017
Дәрігерлер мерейі

Тәуелсіздік күні қарсаңында А.Досжанова атындағы конференц-холда облыс медицинасының дамуына зор үлес қосқан дәрігерлер марапатталды.
Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев жиналғандарды облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың атынан құттықтады.
—  Тәуелсіздік алған жылдардан бері еліміздің медицина саласында үлкен өзгерістер болды. Әрине, алғашқы жылдары бұл салада қандай қиындықтардың болғанын ардагер дәрігерлер жақсы біледі. Бірақ қазір сол қиындықтардың барлығы артта қалды, алдымызда үлкен міндеттер тұр. Биылғы жылы облыста 24 медициналық ғимарат салынса, 335 күрделі ота жасалыпты. Осының барлығы — тәуелсіздіктің жемісі, — деген облыс әкімінің орынбасары тәуелсіздігіміздің баянды болуын тіледі.
14.12.2017
Қайырымдылық кеші

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аясында Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың 95-жылдығына және Ел ордасы-Астана қаласының 20- жылдығына арналған Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен «Қайырымдылық кеші» өткізілді.
12.12.2017
Ақтөбе қаласындағы офицерлерге өткізілген лекция

2017 жылы 11-ші желтоқсан күні Ақтөбе қаласындағы Т.Бегельдинов атындағы ӘҚКӘИ жеке құрам қызметкерлеріне АИТВ жұқпасын алдын алу мақсатында, орталықтың мамандары:Муртазин С. Және Садыков Т. дәріс оқыды.
12.12.2017
Репродуктивті денсаулық туралы!

2017 жылдың 11 желтоқсан күні Қазақ-орыс халықаралық университеті мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті студенттері арасында «Арасан» жастар денсаулық орталығының психологі, Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен жастар ресурстық орталығы мамандары репродуктивтік денсаулық, ерте жыныстық қатынас салдары, жыныстық жолмен жұғатын жұқпалы аурулар, ерте жүктілік және салауатты өмір салтын ұстану ережелері туралы кеңес берді. Барлығы 78 адам қамтылып, ақпараттық материалдар таратылды.
08.12.2017
Ақтөбе қаласындағы пресс-конференция

2017 жылы 6-шы желтоқсан күні Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында «Ақтөбе Ақпарат» ақпараттық орталығында аймақтық БАҚ өкілдерімен пресс-конференция өткізілді.
Бұл іс-шараға облыстық орталықтың емдеу жұмыстары жөніндегі бөлімінің орынбасары Туребаева А.М. және эпидемиологиялық сұрақтар жөніндегі бөлімінің орынбасары Каспирова А.А.қатысты.
08.12.2017
Ақтөбе қаласы ЖИТС орталығындағы ашық есік күні

2017 жылдың 6-шы желтоқсан күні Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы күні аясында және Қазақстан Республикасы конституция күніне орай ЖИТС орталығында ашық есік күні болып өтті. Оның негізгі бағыты халықты АИТВ жұқпасы сұрақтары жөнінде ақпараттандыруды көтеру, мінез құлықтарын қалыптастыруда,салауатты өмір салтын ұстануда және көмек көрсететін мекемелерде медициналық көмектіе қолжетімді ету.

Беттер