Жаңалықтар

14.02.2018
Сал ауруына шалдыққан ақтөбелік бала Оңтүстік Кореяда тегін ем қабылдады

Сал ауруына шалдыққан ақтөбелік бала Оңтүстік Кореяда тегін ем қабылдады
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз http://www.inform.kz/kz/sal-auruyna-shaldykkan-aktobelik-bala-ontustik-koreyada-tegin-em-kabyldady_a3153445
12.02.2018
Ойыл аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері С.М.Нұрбаевтың жылдық қорытынды есеп беруі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы даму мүмкіндіктері» бағыт берілді. Жолдаудың жетінші міндеті – Адами капитал, жаңғыру негізі.
Жетінші міндет – медицина саласында да бірқатар тың өзгерістер болатындығын айқындап отыр. «Үздік денсаулық сақтау ісі мен дені сау ұлтты» міндет ете отыра, халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыру мен медициналық технология саласындағы жаңа жетістіктерге қол жеткізу жоспарлануда. Науқастарды стационарлық емдеп жазуға емес, сырқаттың алдын – алуға ұмтылу. Салауатты өмір салтын насихаттап, қоғамдық денсаулықты басқару ісін қолға алуды міндеттеп отыр. Яғни, қандай да бір ауруды ерте диагностикалап анықтау – оны емдеудің ең жоғарғы тиімділігі екендігін ұғыну қажет.
25.01.2018
«Қауіпсіздік – денсаулық кепілі!»

2018 жылдың 24 қаңтар күні өзін-өзі сақтау мінез-құлқының маңыздылығы туралы хабардар ету, сонымен қатар жарақаттану жағдайындағы мүгедектік пен өлім-жітімнің алдын-алу мақсатында №4 ОБЖСМ оқушылары арасында «Қауіпсіздік – денсаулық кепілі!» атты семинар тренинг өтті.
24.01.2018
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 324 «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 324 «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтеррегламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
24.01.2018

23.01.2018
Обырға қарсы бірге!

2018 жылдың 22 қантар күні онкологиялық аурулардың алдын алу және өз денсаулығына деген жауапты көзқарасын қалыптастыру мақсатында валеолог мамандар наркологиялық диспансерінің дәрігерлерімен бірлесіп ТЖ департаментінің «Өрт сөндіруші» қызметінің жұмысшылары арасында «Обырға қарсы бірге!» атты тақырыпта семинар-кеңес ұйымдастырылып өткізілді.
23.01.2018
Обырға қарсы бірге!

2018 жылдың 22 қантар күні онкологиялық аурулардың алдын алу және өз денсаулығына деген жауапты көзқарасын қалыптастыру мақсатында валеолог мамандар наркологиялық диспансерінің дәрігерлерімен бірлесіп ТЖ департаментінің «Өрт сөндіруші» қызметінің жұмысшылары арасында «Обырға қарсы бірге!» атты тақырыпта семинар-кеңес ұйымдастырылып өткізілді.
22.01.2018
«Екпенің маңызы туралы!»

2018 жылдың 19 қаңтар күні халықтың иммунопрофилактикаға сенімді көзқарасын қалыптастыру, вакцинация қауіпсіздігі туралы жұртшылықты хабардар ету, вакцинациядан бас тартуымен байланысты тәуекелдерге және зардаптарға назар аудару мақсатында «Мега Шығыс» сауда орталығында «Екпенің маңызы туралы!» атты акция өткізілді.
15.01.2018
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасы негізінде бүгін Шалқар ауданына іс сапармен Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Г.Ш Мамбетжанова келді.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасы негізінде бүгін Шалқар ауданына іс сапармен Облыстық білім бөлімінің басшысы Л.А Уразбаева мен Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Г.Ш Мамбетжанова келді.
Шалқар ауданыны әкімшілік ғимаратында білім басқармасының басшысы Л. А. Уразбаева және Денсаулық сақтау Басқармасы басшысының орынбасары Г. Ш. Мамбетжанова аудан тұрғындарымен қабылдау жүргізді .Күні бойы аудан тұрғындары денсаулык мәселелеріне қатысты сұрақтарын қойды.
15.01.2018
«Денсаулық шақырымдары!»

2018 жылдың 10 қантар күні Халықтың назарын салауатты өмір салтын ұстануға аудару мақсатында медицина қызметкерлері арасында «Денсаулық шақырымдары!» атты ұранмен шаңғы жарысы ұйымдастырылды. Шара аясында «Дене белсенділігі сағаты», ерлер мен әйелдерге бөлек шаңғы жарысы ұйымдастырылды.
04.01.2018
Ақтөбе медициналық орталығында өткен балалардың жаңа жылдық мерекесі!

Жаңа жыл қарсаңында Ақтөбе медициналық орталығы құрамына кіретін медицина мекемелерімен бірлескен алғашқы жұмыс қорытындысы жүргізілді, тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын әріқарай жақсартуға бағытталған келесі жылға жоспарлар құрылды.
29.12.2017
Жетім балалар арасында қаракөздеріміздің көптігі жүрек ауыртады - Сапарбаев

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Үміт» сәбилер үйінің ұжымы мен балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ақтөбе қаласындағы «Үміт» сәбилер үйіне облыс әкімі Бердібек Сапарбаев барып, балалар ұжымын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Мұнда қазір 55 бала тәрбиеленіп жатыр. Балаларға медициналық ем көрсетіледі, оңалту жұмыстары жүргізіледі. Барлығы 23 баланы ата-анасы уақытша тапсырған. Ал 11-і - тастанды.
27.12.2017
«Салауатты өмір салты негіздері»

2017 жылдың 26 желтоқсанында Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжінің студенттері арасында «Салауатты өмір салты негіздері» атты тақырыпта семинар тренинг өткізілді. Іс шара аясында студенттерге темекішегушіліктің алдын алу, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі туралы сұрақтар талқыланды.
23.12.2017
Жасөспірімдердің жыныстық денсаулық мәселелері бойынша жиналыс

2017 жылдың 22 желтоқсан күні Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәжіліс – залында ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі басшы орынбасарының төрағалығымен және Қазақстандағы ЮНПФА үйлестірушісінің қатысуымен Жасөспірімдердің жыныстық денсаулық мәселелері бойынша жиналыс өтті.
22.12.2017
Репродуктивті денсаулық туралы!

2017 жылдың 20 желтоқсан күні Қазақстан Респубдиасы ІІМ Ақтөбе заң институтының студенттері арасында «Арасан» жастар денсаулық орталығының психологі, Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен жастар ресурстық орталығы мамандары репродуктивтік денсаулықты сақтау және қорғау,барлық жыныстық жолмен жұғатын жұқпалы аурулар және салауатты өмір салтын ұстану ережелері туралы кеңес берді.

Беттер