Жаңалықтар

20.10.2017
«ЖИТС таңдамайды. Біз таңдаймыз!»

2017 жылдың 19 қазан күні АИТВ инфекциясының алдын алу сұрақтары бойынша жастарды ақпараттандыру мақсатында №24 орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары арасында ауруды ерте анықтау мен уақытылы медициналық көмекке жүгінудің маңыздылығы туралы бейнероликтер көрсетілімін қамтыған семинар-тренинг өткізілді. Барлығы 58 адам қамтылып, ақпараттық оқу-ағарту материалдары таратылды.
19.10.2017
«Психоэмоционалдық жағдайдың алдын алу!»

2017 жылдың 18 қазан күні №16 орта метебінің жоғарғы сынып оқушылары арасында «Психоэмоционалдық жағдайдың алдын алу!» тақырыбында семинар тренинг өткізілді.
18.10.2017
«Ауруды емдегеннен бұрын алдын алған тиімді!»

2017 жылдың 17 қазан күні №1, 26 мектептерінің жоғарғы сынып оқушылары арасында «Тұмаудың алдын алу» тақырыбында семинар тренинг өткізілді.
Адамдардың тұмауға шалдығуыәбден мүмкін. Пневмония, баспа, пиелонефрит, цистит, энцефалит, менингит, арахноидит, полиневрит, радикулит секілді тұмаудың асқынуы өте қауіпті
17.10.2017
«Өзіңді өмір үшін қорға!»

2017 жылдың 16 қазан күні №34 орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары арасында «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Барлығы 30 адам қамтылып, оқушылар нашақорлық дертіне назарын аударып өздерін толғандырған сұрақтарын қойып отырды.
11.10.2017
«Жаның сау болмай, денің сау болмас!»

2017 жылдың 10 қазан күні жас ұрпақтың назарын психикалық денсаулығын сақтауға және нығайтуға, соның ішінде суицидтің алдын-алуға, беттік-белсенді заттардың пайда болуына жол бермеуге бағыттау №51 мектеп гимназиясының жоғарғы сынып оқушылары арасында «Мейірім Ақтөбе» ҮЕҰ-мен бірлесіп Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне арналған «Жаның сау болмай, денің сау болмас!» атты ұранмен акция өткізілді.
09.10.2017
«Тұмаудан сақтан!»

«2017 жылдың 5 қазан күні №43 «Балдаурен» және №1 «Гүлдер» мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында ЖРВЖ мен тұмаудың алдын алу бойынша семинар өткізілді. Тұмау - тыныс алу жолдарының шырышты қабығының бұзылуымен және жоғары интоксикациямен сипатталатын өткір жұқпалы ауру.
09.10.2017
«Стоп – тұмау!»

2017 жылдың 6 қазан күні теміржол көлігі мекемелерінің қызметкерлері арасында ЖРВЖ мен тұмаудың алдын алу бойынша семинар-тренинг өткізілді. Шара барысында тұмаудың алдын алу, жұғу жолдары мен негізгі белгілері бойынша бейнеролик көрсетілімі ұйымдастырылды. Барлығы 28 адам қамтылып, ақпараттық білім беру материалдары таратылды.
02.10.2017
«Жүрегіңізді сақтаңыз!»

2017 жылдың 26 қыркүйек күні Қарттар мен мүгедектер үйінің тұрғындары арасында Халықаралық қарттар күнін мерекелеу қарсаңында «Жүрегіңізді сақтаңыз!» атты акция ұйымдастырылды.
26.09.2017
Екпеден бас тартқан тұрғындармен профилактикалық егулер бойынша семинар

22 қыркүйек күні Ақтөбе облысының әкімі Б.М. Сапарбаевпен бекітілген 2017 жылға арналған профилактикалық екпелерден бас тартып жүрген адамдардың санын азайту жоспарына сәйкес, Алға ауданы бойынша екпеден бас тартып отырған ата-аналармен Бестамақ орта мектебінің мәжіліс залында семинар өткізілді.
15.09.2017
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқоры

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде
11.09.2017
Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне тіркеу кампаниясын жүргізуді бастау туралы хабарлама

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 11268 тіркелген) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау субъектілерінен ТМККК және МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 15604 тіркелген) сәйкес 2017 жылғы 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – ӘМСК) көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне тіркеу кампаниясын жүргізуді басталуы туралы хабарлайды.
07.09.2017
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндемедициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорын қалыптастыру туралыхабарландыру

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорын қалыптастыру (бұдан әрі – рәсім) туралы жариялайды.
24.08.2017
«Спорт – ұзақ ғұмыр кепілі!»

2017 жылдың 21 тамыз күні ОДСБ халық арасында физикалық белсенділігін арттыру бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында, «Денсаулық саябағы» демалыс және мәдениет орталығында «Дару» емханасының медициналық қызметкерлері демалып жүргендер арасында Скандинавиялық жүріс жаттығуын өткізді.
18.08.2017
Қайырылымдық шарасы "Ақтөбе-Северанс"

2017 жылы 16 тамыз күні «Ақтөбе-Северанс» біріккен қайырымдылық қорын құру мақсатында Ақтөбе облысының Әкімдігі, Корея Республикасы Ёнсе университетінің Северанс госпиталі және Қазақстан Республикасының халқаралық «Severance – KZ» медициналық қорымен үш жақты меморандумға қол қойылды.
28.07.2017
Спорт – денсаулық кепілі.

2017 жылдың 27 шілде күні облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының филиалы мәдениет және демалыс орталығында, яғни «Денсаулық саябағында» халықтың уәждемесін және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында шейпингтен, йогадан және скандинавиялық жүрістен іс-шаралар өткізді.

Беттер