Жаңалықтар

08.12.2017
Ақтөбе қаласындағы пресс-конференция

2017 жылы 6-шы желтоқсан күні Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында «Ақтөбе Ақпарат» ақпараттық орталығында аймақтық БАҚ өкілдерімен пресс-конференция өткізілді.
Бұл іс-шараға облыстық орталықтың емдеу жұмыстары жөніндегі бөлімінің орынбасары Туребаева А.М. және эпидемиологиялық сұрақтар жөніндегі бөлімінің орынбасары Каспирова А.А.қатысты.
08.12.2017
Ақтөбе қаласы ЖИТС орталығындағы ашық есік күні

2017 жылдың 6-шы желтоқсан күні Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы күні аясында және Қазақстан Республикасы конституция күніне орай ЖИТС орталығында ашық есік күні болып өтті. Оның негізгі бағыты халықты АИТВ жұқпасы сұрақтары жөнінде ақпараттандыруды көтеру, мінез құлықтарын қалыптастыруда,салауатты өмір салтын ұстануда және көмек көрсететін мекемелерде медициналық көмектіе қолжетімді ету.
06.12.2017
Тұңғыш Президент күніне орай Алғаның Қайыңдысай және Хромтаудың Ақжар, Көптоғай ауылдарында медициналық бекет ашылды.

Тұңғыш Президент күніне орай Алғаның Қайыңдысай және Хромтаудың Ақжар, Көптоғай ауылдарында медициналық бекет ашылды.
Аталған екі ауданның ауылдарындағы дәрігерлер бұған дейін бөлмелерді жалға алып, тұрғындарға медициналық көмек көрсетіп келген. Бейімделген ғимаратта отырған дәрігерлер енді заманауи ғимаратқа қоныстанып, халыққа қызмет көрсете алады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтың айтуынша, Ақтөбенің шалғай ауылдары үшін әлі де шағын амбулаториялар қажет.
04.12.2017
ҮШ АУЫЛДА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫ

Тұңғыш Президент күніне орай Алғаның Қайыңдысай және Хромтаудың Ақжар, Көптоғай ауылдарында медициналық бекет ашылды.
Аталған екі ауданның ауылдарындағы дәрігерлер бұған дейін бөлмелерді жалға алып, тұрғындарға медициналық көмек көрсетіп келген.
30.11.2017
«Жатыр мойны обырының алдын алу»

2017 жылдың 29 қараша күні Ақтөбе медициналық колледжі базасында «Арасан Ақтөбе» ЖШС-ң мамандары «Жатыр мойны обырының патологиясының ерешеліктері және инновациялық технологиялар» атты конференцияға қатысты. Конференцияда салауатты өмір салтына байланысты жатыр мойны обырының түрлері, алдын-алу шаралары, диагностикасы сұрақтары талқыланды. Барлығы 28 адам қамтылды.
30.11.2017
«Мәңгілік Ел: Қазақстанның кемел болашағы» атты екінші Республикалық конкурс

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және ҚР ДСМ «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК бірлесіп, министрліктің 2017 жылғы 27 ақпанындағы № 38 бұйрығымен бекітілген «ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын денсаулық сақтау жүйесінде іске асыру жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының» 13- тармағын орындау мақсатында 10 номинация бойынша «Мәңгілік Ел: Қазақстанның кемел болашағы» атты екінші Республикалық конкурс жүлдегерлерін марапаттау салтанаты 2017 жылдың 24 қарашасында Алматы қаласында өткізілді.
24.11.2017
Өмірдің жағымды құндылықтарын қалыптастыру

2017 жылдың 23 қараша күні «Рауан» колледжінің студенттері арасында «Өмірдің жағымды құндылықтарын қалыптастыру» атты тақырыпта семинар тренинг өткізілді. Қатысушылар психикалық денсаулығын сақтаудың негізгі ережелерімен, түрлі жағдайлардағы адамдар арасындағы қарым-қатынастарымен танысып, мінез-құлықты реттеудің қарапайым тәсілдерін қолдану дағдыларын дамыту бойынша жаттығулар өткізілді. Іс-шара барысында студенттер өз сұрақтарына жауап алды. Барлығы 25 адам қамтылды.
23.11.2017
Ақтөбе қаласындағы Жұбанов атындағы университетінде өткізілген акция

2017 жылдың 21-ші қарашасы күні Дуниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы күні Ақтөбе облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен ЖШС «Арасан-Ақтөбе» мамандарымен АӨМУ Қ.Жұбанов атындағы университеттердің 1-ші курс студенттерімен акция өтті.
Іс-шараның мақсаты – студеттерді салауатты өмір салтын ұстануға, мінез құлқына және АИТВ-жұқпасын алдын алу шараларын сақтауға шақырды.
22.11.2017
Екпе алудан бас тартқандармен өткізілген семинар

2017 жылдың 21 қараша күні Ақтөбе облысының әкімімен бекітілген, жұқпалы аурулардың алдын алу үшін өткізілетін екпеден бас тартқан адамдар санын азайту бойынша өткізілетін іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында №2 қалалық емханасында екпе алудан бас тартқан ата-аналар арасында «Екпенің маңыздылығы, екпе алу» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар соңында жеке кездесулер өткізілді. Барлығы 24 адам қамтылып, ақпараттық оқу-ағарту материалдары таратылды.
21.11.2017
«Сыбайлас жемқорлыққа - ЖОҚ!»

2017 жылдың 17қарашакүні №1 қалалық емханасының алаңында «Арасан Ақтөбе» ЖШС-і, № 1 ҚЕ –ң мамандарының және Рауан колледжінің студенттерінің қатысумен «Сыбайлас жемқорлыққа – ЖОҚ!» тақырыбында флешмоб өткізді.Іс-шараның мақсаты - халықтың көпшілігін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылына, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру. Медицина қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы.
09.11.2017
Қауіпсіз тағам таңда!

2017 жылдың 7 қараша күні халық арасында тағамды таңдауды қалыптастыру мақсатында, СӨС және №1 қалалық емханасының валеолог дәрігерлері және Ақтөбе облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, «Ұлттық сараптама орталығы» Ақтөбе облыстық филиалының мамандарымен бірлесіп, «Табыс» базарында «Қауіпсіз тағам таңда!» атты акция өткізді. Акция барысында тұрғындар сатып алған тағам өнімдерінің сапасын анықтауға (сүт өнімдерінің сапасы, ет және балық өнімдерінің термиялық өңдеуінің сапасы, балдың табиғилығы, бақша өнімдерінің құрамындағы нитратқа, ет, шұжық және ысталған балықты микробиологиялық ластануға, сары май, маргарин, өсімдік майларының сапасы және т.б.) экспресс сараптауды ақысыз түрде өткізілді.
09.11.2017
«Темекі бұйымдарының зияны туралы»

2017 жылдың 8 қараша күні С.Бәйішев атындағы колледждің 1 курс студенттері арасында «Темекі бұйымдарының зияны туралы» атты тақырыпта семинар тренинг өткізілді. Семинар тренингтің негізгі мақсаты: жастар арасында алкогольді тұтынудың зардаптары туралы хабардарлықты арттыру және қазақстандық қоғамда алкогольді тұтынудың әлеуметтік қолайсыз имиджін құру. Барлығы 90 адам қамтылып, ақпараттық оқу-ағарту материалдары таратылды.
31.10.2017
«Инсульттен сақтаныңыз!»

2017 жылдың 30 қазан күні Облыстық ардагерлер одағы мүшелері арасында Дүниежүзілік инсультке қарсы күрес күніне ұштастырылған акция ұйымдастырылды. Шара аясында «Денсаулық қалашығы» құрылып, кардиолог, лор, көз дәрігері, терапевт мамандары тегін кеңес беріп, артериалдық қан қысымын өлшеп, қандағы қант деңгейін анықтады.
30.10.2017
«Тағам өнімдерін дәрумендер мен микроэлементтермен байыту"

«Тағам өнімдерін дәрумендер мен микроэлементтермен байыту» 2017 жылдың 26 қазан күні Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері мен отбасы- демографиялық саясат комиссиясымен ұйымдастырылған «Тағам өнімдерін дәрумендер мен микроэлементтермен байыту» атты конференцияға қатысты.

Беттер